Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 16.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.3.1 - Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау; 7.3.1.3 - тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану | ||
Сабақ мақсаттары | ІІ Александрді «халық еркінің» өлтіру себептерін анықтау. | ||
Бағалау критерийлері
| ІІ Александрдің өлімін түсіндіруде «басыбайлы құқық», «желтоқсаншылар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолданады. | ||
Тарихи концепт (фокус)
| Себеп-салдар | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Басыбайлы шаруалар Отаршылдық империя, буржуазия, пролетариат, декабристер, жеке террор, халықшылдық Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Біз ... жайлы пайымдауды ... атты тақырыпша астында қоюды ұйғардық. Түсіндіретін болсақ, ... Менің ойымша, ... реформалардың артықшылығы/кемшілігі болып табылады, себебі, ... Жалпы, менің ойымша, реформалар ... салдары болды. | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Ресей) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушылар 8 сыныпта өткен Ресей жайлы қысқаша ақпаратты біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-5 | БЫМ/Б оқушыларға келесі сұрақтар төңірегінде ойлануды сұраңыз: - Желтоқсаншылдар туралы не білесіңдер? -Басыбайлы құқық дегеніміз не? Оқушылардың жауаптарын тындатыңыз. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 5-15 Топтық жұмыс түрі 15-25 25-30 30-35 35-40 | Б Оқушылар назарына басыбайлы шаруалары бейнеленген суреттер ұсынылады. «Басыбайлы құқық» жайлы қысқаша түсініктеме беріңіз. Т Оқушыларға сословиелердің суреттері мен олардың анықтамасы бар карточкаларды таратыңыз (Қосымша 1). Оқушылар 19 ғ орыс қоғамы жайлы әңгіме құрастыруы тиіс. Дескриптор: - әңгіме құру барысында кем дегенде 4 карточканы қолданады. - 19 ғ орыс қоғамының ерекшеліктерін түсінеді. Б әр топ өзінің жұмысын қорғайды. Талқылауға арналған сұрақтар: -Ресейде капиталистік қатынастардың дамуына қандай қоғамның қандай белгілері тежеді? -қандай сословиелер өзгерістердің керектігін сезінді? Неліктен? Ресейде либералдық идеялар қалайша қалыптасуы мүмкін? Уақыт сызығын қолдана отыра, оқушыларға І Николай тұсындағы Қырым соғысын еске түсіріңіз. І Николай билігі мен желтоқсаншылардың көтерілісі туралы сөз қозғаңыз. Сенат аланындағы көтерілістің суретін көрсетіп, «желтоқсаншылар» ұғымын түсіндіріңіз. Ж Оқушылар мәтінді пайдалана отырып (Қосымша1), шаблон бойынша көтеріліске сипаттама береді (Қосымша2). Дескриптор: - оқушылар кем дегенде шаблонның 3 критерийлерін қолданып,сипаттама жаза алады. Б оқушылармен желтоқсаншылдардың жеңілу себептерін талқылаңыз. Талқылауға арналған сұрақтар: Ресейде конституциялық монархияның орнауына экономикалық алғышарттары болды ма? Оқушылардың Ресей қоғамының басым көпшілігі басыбайлы шаруалар құрайтынына назар аудартыңыз. Ағылшын шаруалары басыбайлы құқықты 15 ғ алғанын айтыңыз. Оқушыларға Ресейдегі революциялық қозғалыстың кезеңдерімен: дворяндық, әртектік және пролетарлық таныстырыңыз. Әсіресе әртектік және пролетарлық кезеңдерге назар аударыңыз. Ж Оқушыларға екі кезеңді зерттеуге (Қосымша 4), кесте толтыруды тапсырма беріңіз (Қосымша 5). Критерийлер: 1.ұйым, қатысушылар; 2. мақсаты мен себебі; 3. әдістері; 4. нәтижесі; Дескриптор: - әр кезеңнің ұйымы мен қатысушыларын анықтайды - мақсаттарды анықтайды; - күрестегі әдістерін анықтайды; - ұйымның іс-әрекетінің нәтижесін анықтайды. Б жұптардың жауаптарын тыңдатып, кері байланыс беріледі, оқушылар бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Қосымша 1 Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 4 Қосымша 5 | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Сөйлемдерді жалғастырыңыз: • Бүгін мен ... • ... қиын болды • Мен түсіндім ... • Мен қалаймын ... | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.2.3.1 - Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау; 7.3.1.3 - тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру