Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.16.1

 VІІІ бөлім. XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

 Сабақ тақырыбы: Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды?

 Оқу мақсаттары:

 7.2.3.1 - Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;

 7.3.1.3 - тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану

 Тарихи концепт: себеп пен салдар

Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

 

 II Александр реформалары

 

Реформалар

Реформалардың мәтіндері

1861 жылғы 19 ақпанда - басыбайлылық құқықты жою немесе шаруа реформасы туралы Манифест

Шаруалар жеке басының еркіндігін және азаматтық құқықтардың көпшілігіне ие болды, шаруалардың өзін-өзі басқару жүйесі енгізілді. Дегенмен, шаруалар өздеріне берілген жер үшін мемлекет помещикке төлеген құнын өтеу үшін жер иесінің пайдасына жұмыс істеуілері керек болды. Шаруалар 9 жылдан бұрын бұл жерді тастап кете алмады. Олар әлі күнге дейін подушный салығын төледі, рекруттік қызметтен және денелік жазалаудан босатылмады.

Помещиктердің жерге жеке меншіктері сақталып қалды, ал шаруалар ұзақ уақыт бойы іс жүзінде басыбайлы болып қала берді.

1861 жылғы 12 қараша - Министрлер Кеңесі құрылды

Жоғары мемлекеттік орган. Ол патшаның кеңесші органы болды, шешуші сөз монархта қалды

1863-1864 жж - білім беру саласындағы реформалар

Білім барлық сословиелерге қол жетімді деп жарияланды. Бастауыш мектептердің, гимназиялар мен университеттердің жаңа жарғылары қабылданды. Бастауыш мектептерді құру және басқару земстволарға тапсырылды. Жергілікті әкімшілік, шіркеу және земство кіретін мектеп кеңестері құрылды. Гимназиялар екі түрге бөлінді: классикалық гимназиялар жоғарғы оқу орнына емтихансыз түсуге мүмкіндік берді және реальный гимназиялары оқушыларды жоғары техникалық оқу орындарына түсуге дайындады.

Гимназиялар тек дворяндардың және қала тұрғындарының (мещандардың) отбасыларынан шыққын балаларға көлжетімді болды. Университеттерге кең автономия, ректорлар, декандар және профессорлар сайлауға рұқсат берілді. Олар императорға адал болуды тәрбиеледі.

1 қаңтар 1864 ж. - «Губерниялық және уездік земство мекемелері туралы ереже» немесе Земстволар реформасы

Земство – сайланатын жергілікті билік органдары. Земстволар экономикалық және мәдени мәселелерді шешті. Олар жергілікті қажеттіліктерге салықтар жинауға, қызметкерлерді жалдауға, шаруашылық істерге, мектептерге, ауруханаларға және тұрмысты көркейту мәселелеріне жауапты болды.

Уезділік земство барлық сословие өкілдері сайлаған орган болды. Земств құрамында «үшінші элемент» деп аталған - ауылдық зиялылар өкілдері: жергілікті дәрігерлер, педагогтар, агрономдар, статистер болды.

Бірақ зестволарда помещиктер басым болды. Земство губерниялық земствоға өзінің өкілдерін жіберді. Бұл жиналыстарды дворяндардың өкілдері басқарды. Земствоның кез-келген шешімін губернатор немесе ішкі істер министрі ескермеу мүмкін еді.

20 қараша 1864 ж. - «Жаңа сот жарғылары» немесе сот реформасы

Жаңа заң заңның алдында барлық адамдардың теңдігін, судьялар мен тергеушілердің тәуелсіздігі мен алмастырылмауын, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сот алқасының құрылуын және адвакутураның қызметін бекітті.

Сот билігін уездік земстволар тағайындаған бітістіруші сот, округтік соттар және сот палаталары атқарды. Сенат - жоғарғы сот инстанцияся болды. Сот сословиелік емес (бәріне бірдей), ашық, жарыс түрде өтетін болды, судьялардың ауыстырылмайтыны бекітілді.

Сонымен қатар жоғарғы лауазымды тұлғалардың, шаруа, шет елдік және шіркеу соттарының ерекше юрисдикциясы сақталды.

1864-1868 жж. - қаржылық реформалар

Мемлекеттік банк пен Қаржы министрлігі құрылды. Барлық мемлекеттік шығыстар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазыналық кассаларында шоғырланған.

Негізгі мемлекеттік салық сақталды - шаруалар мен мещандардан алынатын подушный салық.

1866 жылғы 6 желтоқсанда - шаруа реформасының жалғасы

Шаруа реформа ережелері мемлекеттік шаруаларға қолданылады: олардың жер учаскелерін мәңгі пайдалану құқығы расталды жіне ол жерді сатып алу мүмкіндігі берілді.

1865 ж. - баспа саласындағы реформа

Барлық басылымдарға салынатын цензурасы жойылды. Жарияланған мақалалар үшін жауапкершілігі басып шығарушыларға жүктелген.

1870 жылғы 16 маусым - «Қалалық жарлық» - қалалық реформа

Бұрынғы сословиелік думалар барлық сословиелік қалалық кеңестерге ауыстырылды. Қала басшысы - городовойдің қызметкері тағайындалды, қала әкімшілігінің бірыңғай орталығы құрылды. Атқарушы орган қала думасы болды, ал атқарушы билік қалалық управаға берілді.

Қалалық кеңесті сайлау құқығы 25 жасқа толған және жылжымайтын мүлігі, өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорындарының иелеріне, саудагерлерге берілді. Қала әкімшілігі қала, сауда, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру мекемелеріне жауапты болды.

1871 жылғы 26 қаңтарда - «Әйелдерді қоғамдық және мемлекеттік мекемелерде қызмет етуге қабылдау туралы бұйрық».

Құқықтардың кеңеюі тек дворяндардан және мещандардан шыққан әйелдерге қатысты болды.

1-13 қаңтар, 1874 жыл - әскери реформа

Рекруттік қабылдаулардың орнына жалпыға бірдей әскери міндет енгізілді. Әскери қызмет ету мерзімі бұрынғы 25 жылдың орнына 6 жыл болып қабылданды. Жаңа қызметкерлер жребий бойынша іріктелмейтін болды. Қызмет көрсету мерзімі әскердің білім деңгейіне байланысты болды: бастауыш білімі барлар әскерде 4 жыл, орта біліммен - 1,5 жыл, жоғары білімді - 6 ай қызмет етті. Әскердің қайта қарулануы жасалды, артиллерия жасақталды. Офицерлік корпус, бұрынғыдай, негізінен дворяндардан қабылдарды, олар әскери гимназияларға, кадет және әскери училищелерге оқуға түскенде артықшылықтарға ие болды.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу