Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша1

Карточкалар

1 тапсырма. Карточкаларды қолдана отыра, орыс қоғамы туралы әңгіме дайындаңыз.

Дворяндық

Ірі жер иеліктерін иелену; салықтан босатылуы; әскери міндетінен босатылуы; сословилік басқарушылық; мемлекеттік қызметке түсуі; жоғары білім алуы;

Дінбасылар

Дінбасылар жазалардан босатылды. Жақсы білім алуға құқылы. Монахтар өмірін шіркеуге арнауы тиіс. Дінбасылар православиені насихаттауы керек.

Көпестер

Үшінші сословиенің жартылай артықшылықтары бар топ өкілдері. Негізгі кәсібі- сауда. Көпестер гильдияларға бірікті. Салықтар төлеп отырды.

Мещандар

Қала тұрғындары: ұсақ саудагерлер, қолөнершілер. Мещандарқалалық кәсіптермен, уездік сауда-саттықпен айналысты. Әскери міндетті атқарып, салық төледі. Шектелген құқықтары болды. Жер иелене алмады.

Шаруалар

ауыл тұрғындары. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығымен айналысты. Әскер қатарына алынды (25 жыл). Шаруалар мемлекеттік және басыбайлы болып бөлінді. Мемлекеттік шаруаларда жер үлесін иемденуге құқылы болды. Басыбайлы шаруаларда ондай құқық болмады. Шаруалар барщина мен оброк төледі.Помещик оларды жазалады. Помещик шаруаларды сата алды.

Казактар

әскери сословие, Ресей империясының шекарасын қорғаған әскери топ өкілдері. Казактардың жер иеліктері болды. Шаруа міндеткерліктерден босатылды.

Сілтеме: http://histerl.ru/kratkie_kurs/konspekti/rossieskie_soslovia.htm

Қосымша 2

Мәтін

 1812 жылы Наполеонды жеңгеннен кейін, 1813-1814 жылдары орыс әскерлерінің арасында либералдық идеялар: теңдік, сословиелік артықшылықтарды жою, самодержавиені конституциялық монархияға алмастыру.

 Саяси жүйені ауыстырудағы алғашқы қадамды орыс дворяндығы жасады. Олардың мақсаты – басыбайлы құқықты жою, Конституцияны қабылдау. Жасырын түрде ұйымдастырылған жиналыстарда Ресейдегі мемлекеттік төңкерісті жүзеге асыру жоспары әзірленді, талқыланды. 27 қарашада 1825 жылы I Александр өлімінен кейін, билік басына Константин келіп, осы күннен бастап, ресми түрде патша болып жарияланды. Нәтижесінде желтоқсаншылдар белсенділік таныта бастады. Осылайша 14 желтоқсанда 1825 жылы Сенат аланында желтоқсаншылдардың көтерілісі өтті. Осы күні бүкіл ел жаңа патша Николайға адал болуға ант беруі тиіс болды. Олардың жоспары бойынша патшаның отбасын, Қысқы сарайды басып алу. Операцияның көшбасшысы - Сергей Трубецкой.

 Жасырын (құпия) ұйымдар жаңа үкіметті, Конституцияны қабылдап, Ресейде демократияны жариялауды жоспарлады. Желтоқсаншылдар І Николай патшаға адал ант беруден бас тартты. Көтеріліс жеңіліске ұшырады, ұйымдастырушылары қатаң жазаланды. Жеңілу себептері: көтерілісшілердің арасында бірліктің болмауы, халық қолдауының әлсіздігі, ортақ жоспардың, бағдарламаның болмауы. Орыс қоғамы революциялық өзгерістерге дайын болмағанын дәлелдеді. Бұл көтеріліс Ресейдегі самодержавиеге қарсы бағытталған бірінші ашық көтеріліс болды.

https://istoriarusi.ru/imper/vosstanie-dekabristov-na-senatskoj-ploshcadi-1825.html

Қосымшща 3.

Сипаттаманың шаблоны

Тапсырма Желтоқсаншылардың көтерілісін сипаттайтын шаблон.

1. көтеріліс себептері

2. көтеріліс уақыты

3. аймағы

4. барысы

5. нәтижесі

Қосымша 4

Кесте

Критерийлер

Әртекті кезең

Пролетарлық кезең

Ұйым, қатысушылар

Себептері, мақсаты

Күрес әдістері

Нәтижесі

Тапсырма 3. Ресейде маркстік идеялар таралудың 3 себептерін анықтау.

XIX ғ. 80-90 жж радикалды қозғалыста түбегейлі өзгерістер болды. Революциялық халықшылдар патша өлімінен кейін оппозициялық күш ретінде рөлі жойыла бастады. Олар репрессияларға ұшырады.

70-жылдардағы қозғалыстың белсенді қатысушылары шаруалардың әлеуетінен беті қайтқан. Соның нәтижесіндерадикалды қозғалыс екі кескілескен топға бөлініп кетті. Бірінші тобы шаруалар социализмді жақтаса, екіншісі пролетариат тобын қолдады.

«Черный передел» тобының белсенді қатысушылары Г.В. Плеханов, В.И. Засулич, Л.Г. Дейч, В.Н. Игнатов марксизмге өтті. Социализмді орнатуда пролетарлық революция арқылы жүзеге асыру керек екндігін түсінді.

1883 ж. Женевада «Освобождение труда» тобы құрылды. Бағдарламасы: халықшылдар идеологиясына қарсы, социализмді насихаттау, самодержавиемен күрес, жұмысшы табына сүйену, жұмысшылар партиясын құру. Ресейдегі әлеуметтік прогрестің негізгі шарты ретінде буржуазиялық-демократиялық революциялардың болуы деп санаған. Қозғаушы күштері-қала буржуазиясы мен пролетариат.

1895 ж Петербургтегі бірқатар маркстік үйірмелер бірігіп, "Союз борьбы за освобождение рабочего масса" атты жаңа үйымды құрды. Ненізін қалаушысы В.И. Ульянов (Ленин), Ю.Ю. Цедербаум (I.Мартов). Аталмыш ұйымдар Мәскеуде, Екатеринославта, Иваново-Вознесенскте, Киевте ашылды. Пролетариаттар арасында марксизм идеяларын насихаттады.

XIX ғ. 90-жылдары Ресейде өнеркәсіп қарқынды дами түсті. Жұмысшылардың саны артты. Петербургте, Мәскеуде, Оралда өткен стачкалар жаппай сипатқа ие болды. Стачкалардың ұйымдастырылуы нашар болды, экономикалық сипатқа ие болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу