Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар16.3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1 - Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;

7.3.1.3 - тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану

 Сабақ мақсаттары

ІІ Александрді «халық еркінің» өлтіру себептерін анықтау.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

ІІ Александрдің өлімін түсіндіруде «басыбайлы құқық», «желтоқсаншылар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолданады.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Себеп-салдар

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Басыбайлы шаруалар

Отаршылдық империя, буржуазия, пролетариат, декабристер, жеке террор, халықшылдық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз ... жайлы пайымдауды ... атты тақырыпша астында қоюды ұйғардық. Түсіндіретін болсақ, ...

Менің ойымша, ... реформалардың артықшылығы/кемшілігі болып табылады, себебі, ...

Жалпы, менің ойымша, реформалар ... салдары болды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (Ресей)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 8 сыныпта өткен Ресей жайлы қысқаша ақпаратты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

БЫМ/Б Оқушыларды II Александр туралы бірінші сабақта алынған мәліметтерді пайдалана отырып, цитатаны талқылауға шақырыңыз:

«Олар маған неліктен қарсы, бұл бақытсыздықтар?

«Неліктен мені жабайы аңға ұшыратады?»

Оқушыларға II Александрді өлтіру себептерін зерттеу жалғастыратындығын түсіндіріңіз.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Презентация

Сабақтың ортасы

Сыныппен талқылау

5-15

Топтық жұмыс түрі

15-25

25-30

30-35

35-40

Б Халықшылдыққа қатысты фактілерді оқушыларға еске түсіріңіз: Ресейдегі революциялық қозғалыстың екінші кезеңінде құрылған ұйымдардың атауы; өз идеяларын насихаттау әдістері туралы және билікпен күрес әдістері жайлы.

Оқушылармен «жеке террор» ұғымын талқылаңыз. Осы тұжырымдаманың түсінігін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз.

Б Сабақтың басында талқыланған цитатаға қайта оралыңыз. Оқушылар ІІ Александр өлтірудің себептерін анықтау үшін ІІ Александрді өлімге әкелген іс-әрекеттерді анықтау керек.

Реформалардың әсерін анықтау үшін II Александр билігі туралы ақпарат беріңіз (Қосымша 1). Реформалардың оң және теріс әсерін анықтаңыз (Қосымша 2).

Дескриптор:

- кем дегенде бес реформаны анықтайды;

- кем дегенде төрт салдарын анықтайды.

Б жұмыс нәтижелерін талқылап, топтарға қорғауға мүмкіндік беріңіз, ал басқа оқушылар жауаптарды толықтырады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неліктен осы реформалар «ұлы» деп аталды?

- Патша реформалары қаншалықты либералды болды?

- Осы реформаларды халық қолдады ма?

- Неліктен халықшылдар реформаға қарсы шықты?

Ж жұптарға төменде берілген тапсырмалардың біреуін таңдауды сұраңыз:

1. «Халық еркінің» II Александрді өлтіру туралы шешім қабылдаған себептер туралы қорытынды;

2. «Халық еркі» ұйымы террорлық әдістерді қолдану қаншалықты әділетті?

Оқушылардың пікірін тыңдаңыз.

Қосымша 1

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Рефлексия

Ж Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз.

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

• Бүгін мен ...

• ... қиын болды

• Мен түсіндім ...

• Мен қалаймын ...

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

7.2.3.1 - Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;

7.3.1.3 - тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу