Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 6.19.1

 

 VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

 Сабақ тақырыбы: Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болды ма?

 Оқу мақсаттары:

 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру

 Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық

 

 Сабақ компонентінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қарастырыңыз. Оқушылардың сабаққа қатысты көңіл-күйлерін жоғарлату мақсатында «Австралиялық жаңбыр» атты сергіту ойынын пайдаланыңыз. Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім оқушыларға «автралиялық жамбырды» жасауды ұсынады. Ол үшін оқушылар мұғалімнің қөзғалысын қайталау керек:

 - Австралияда жел көтерілді (мұғалім алақандарын бір-біріне уқалайды).

 - Жаңбыр тамшылай бастайды (саусақтарымен сақылдатады).

 - Жаңбыр күшейеді (кезек кезек кеудесін алақандарымен соғады).

 - Нағыз жауын басталды (жамбастарын алақандарымен соғады).

 - Ал енді бұршақ - нағыз дауыл басталды (аяқтарымен дүрсілдетеді).

 - Бірақ бұл не? Дауыл басылды! (жамбастарын соғады).

 - Жаңбыр басылды (алақандарымен кеуделерін соғады).

 - Сирек тамшылар жерге түсіп жатыр (саусақтарымен сақылдатады).

 - Желдің тыныш шуағы (алақандарын уқалайды).

 - Күн шықты! (қолдарын жоғарға көтереді).

 - Күнге сәлем берейік! (барлығі қолдарынмен шапалақтайды).

 Тапсырма оқушылардың наразларын жинақтауға және сыныпта позитивті психологиялық микроклиматты құруға пайдасын тигізеді.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Қытай мен Жапония аумақтарын бейнелейтін картаны ұсыныңыз. Оқушылардан орта ғасырларда осы елдердегі мемлекеттік басқару жүйесі қандай болғанын сұраңыз: Билік басында кім түрды? Мемлекетте заңдары қандай болды? Бұл елдердің шаруашылық дамуы қандай болды? Әлеуметтік құрылымы қандай?

 Оқушылардың жауаптарын тындағаннаң соң, оларға осы сабақта Шығыс елдеріндегі абсолютизмнің сипаттамаларын зерттеп және оларды Батыстағы абсолютизмнің сипаттамасымен салыстыратындарын хабарлаңыз.

 Сабақ тақырыбын хабарлап, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептпен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады.

 

 3. Мәтіндермен жұмыс. Оқушыларға екі шығыс монархтардың өмірі мен іс-әрекеттерін сипаттайтын ақпараттық мәтіндерді ұсыныңыз: қытай императоры Юнлэ және Жапон сегуны Иэясу Токугава туралы мәтіндер.

 Төмендегі сұрақтар негізінде оларға Венн диаграммасын толтыруды ұсыныңыз:

 - Билік басында тұрған жылдары

 - Билік басында болған кезеңі (ұзақтығы)

 - Мемлекеттік мәселеллерді шешу барысында үкіметтің қандай органына сүйенді?

 - Монархтың сыртқы саясаты сәтті болды ма?

 - Монархтардың әрқайсысының кез-келген үш реформасын атаңыз.

 - Монархқа қарсы халықтық көтеріліс болды ба?

 - Осы монархтардың билік кұрған кезінде қарапайым халық қалай өмір сүрді?

 - Монархтардың өмірі қалай аяқталды?

 - Монархтардың билігінің негізгі нәтижесі қандай?

 (Оқушылар диаграмма шеңберлерінің қиылысқан секторына ұқсас сәттерді, ал ерекшеліктерді - жеке шеңберлердің ішіне жазады).

 Қорытынды жасаңыз: Осы екі шығыс елдердің монархтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Тапсырма дескрипторлары:

 -Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық ұқсастықтарын дұрыс белгілейді;

 -Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық айырмашылықтарын дұрыс атап көрсетеді;

 -Оқушылар осы екі монархтың саясатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын айқындап, қорытындылайды

 

 Венн диаграммасын толтыру мысалы:

 

Император Юнлэ

Ұқсастықтар

Сегун Токугава

1403 - 1424 жж.

1603 – 1616 жж.

21 жыл билік басында болды

Император Юнлэ екі есе ұзақ уақыт билукті басқарды

13 жыл билук басында болды

Министрлер

Жанындаадал шенеуніктері болды

Сегунат министрлер - жапондық үкімет

Барлық елдермен дипломатиялық (бейбіт) қатынасты орнату.

Моңғолдар мен Вьетнамға қарсы әскери науқандар

Іс жүзінде сыртқы жаулаушылық соғыстарды жүргізбеді

Ішкі тәртіпсіздіктерді жою үшін самурайлардан тұратын әскерінің болуы.

Реформалары:1) Елдің әкімшілік бөлімі қайта қаралды2) Ұлы каналды қалпына келтірді3) Алғашқы энциклопедия құру туралы бұйрық шығарды

Монархтың шексіз билігін қорғау және қамтамасыз ету

Реформалары:1) Орталықтандырылған ақша жүйесін құру2) Өзін-өзі оқшаулау саясатын (сакоку саясаты) жүргізді - 3) Әдебиет пен жапон поэзиясының дамуына қолдау көрсетті

Халық

көтерілістер болғанемес

Қарапайым халық өте қиын жағдайда өмір сүрді

64 жасында инсульт пен депрессияның салдарынан қайтыс болды

Табиғи өлім-жітімге тап болды

73 жасында ауырудан қайтыс болды

Тиым салынған сарайды құрды

Өз елінің халықаралық беделін көтерді

Сегундар - әскери феодалдық билеушілер әулетінің негізін қалады. Император мемлекеттік қызметке жолатылмай, так діни қызметпен ғана айналысты

 

 4. Топтық жұмыс. Оқушыларға абсолютизм белгілерінің тізімін беріңіз:Абсолютизм белгілері:1. Король провинцияларды, қалаларды толық өзі бақылады.2. Заң шығару мен жариялау монархтың шексіз құзыретінде болды.3. Көп мүшелерден тұратын бюрократиялық аппарат.4. Тұрақты армия мен полицияға сүйенуі.5. Шіркеудің мемлекетке толық тәуелділігі.

 Сыныпты 5 топқа бөліп, әрбір топ абсолютизм белгілерінің бірімен жұмыс істейтін болады. Тапсырма: алдыңға сабақ кезеңінде қолданылған император Юнлэ мен сегун Токугава Иэясу туралы мәтіндерді пайдаланып, осы белгі бойынша фактілерді таңдап алулары керек.

 Тапсырма дескрипторлары:

  -Оқушылар абсолютизмнің 1-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 2-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 3-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 4-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 5-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді.

 

 5. Рефлекцияны жүзеге асыру үшін «Акрослово» әдісін өткізіңіз.

 Оқушыларға сабақта қаралған монархтардың бірінің мәлімдемесін таңдауды ұсыныңыз. Юнлэ немесе Токугава Иэясудің аттарының алғашқы әріптерін қолданып, мәлімдемелер құрастырулары керек. Бұл тапсырма сабақта алынған ақпаратты жинақтауға және топтастыруға көмектеседі.

 Оқушылардын жауаптарының мысалдары:

Ю - (юный) жас император,

Н – (настойчиво) барлық елдерді өз билігін мойындатуға тырысты,

Л – (лучший) Мин әулетінің басқаруынын ең жақсы кезеңі

Э – (энциклопедия) ХХІ ғасырда Википедияны құрғанға дейін, Юнлэ энциклопедиясы әлемдегі ең көлемді энциклопедия болды.

 Т – Токугава әулиеті 1867 жылы император Муцухито билікке келгенгенше дейін Жапонияда билік жүргізді.

О – Ол елді жеке дара басқарды.

 К – Киото - Жапонияның астанасы, 794-1869 жж. императорлардың негізгі резиденциясы

 У – (ударной силой) сегун Иэясу Токугава әскерінің негізгі күші - самурайлар жасақтары болды.

 Г – (гордый) намысқор Иэясу Токугава Жапонияны біріктіру аяқталғаннан кейін императормен өз билігін бөліскісі келмеді.

 А – Адамс Уильям голландықтармен сауда ісінде Иэясудің бас кеңесшісі болды.

 В – (Великие) 2008 жылы құрастырылған «Ұлы жауынгерлер» атты ВВС жобасы, Токугаваға Иэясуге арналған сериясының бірі.

 А – Иэясу Токугаваның әскері өте тәртіпті болды, саны жағынан олардан асып түскен қарсыластардың армияларын жеңетін болды.

 6. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланыстыкөркем көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз. Мысалы:

 - Лещенко Н.Ф. «Токугава дәуірінде Жапония», М.: Крафт, 2010 ж.

 - «Самурай кітабы», Санкт-Петербург: Евразия, 2008 ж.

Саралап оқыту мүмкіндіктері

Барлық оқушыларға арналған тапсырма:

 Екі монархтың қызметіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз: император Юнлэ және сегун Токугава Иэясу

Юнлэ

Салыстыру сұрақтары

Токугава

Билікке қол жеткізген жолы, тәсілі

Ішкі саясатының негізгі іс шаралары

Сыртқы саясаттының негізгі іс шаралары

Сіздің ойыңызша, билеушілердің қайсысы нақты абсолютті монарх еді? (кем дегенде, 2 дәлел келтіріңіз)

1.

2.

1.

2.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу