Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 6.19.2

 

 VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

 Сабақ тақырыбы: Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болды ма?

 Оқу мақсаттары:

 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру

 Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық

 

 Сабақ компонентінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қарастырыңыз. Оқушылардың сабаққа қатысты көңіл-күйлерін жоғарлату мақсатында «Сыныптасты тап» атты сергіту жаттығуды пайдаланыңыз. Мұғалім оқушылардың бірін «ойластырады». Содан кейін барлық оқушылар кезекпен мұғалімге сұрақтар қояды: «Егер бұл ағаш (үй, гүл, ауа райы, перделер, кітап, ит ...) болса, онда қандай болар еді?». Мұғалім бұл оқушының ерекшеліктеріне байланысты жауап беруге тырысады, мысалы: «Бұл ашық далада өсетін емен ағашы болар еді». Оқушылар ойланып, қайсысы бұл анықтамаға сәйкес келетінін түсінуге тырысады. Кім ойластырылған адамды дұрыс таптым деп шешім қабылдаса, ол адамды атайды. Егер ол дұрыс тапқан болса, ол ойынды жургізеді, егер дұрыс емес болса, ойын басынан басталады. Сөйтіп, сұрақтар мен жауаптар арқылы жасырылған оқушы табылады. Жүргізуші ретінде бір тапқыр оқушыны тағайындауға болады.

 Тапсырма оқушылардың наразларын жинақтауға және сыныпта позитивті психологиялық микроклиматты құруға пайдасын тигізеді.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға сабақтын тақырыбына қатысты жаңа терминдер мен тұжырымдар жазылған слайтті ұсыныныз. Мысалы: Юнлэ, мандарин, Тыйым салынған қала, Ұлы канал, Иэясу, сегун, самурай, бусидo, Киото, Эдо, Аматэрасу, Токугава және т.б. Оқушылардан сұраныз: Сендер бұл сөздерді бұрын естідіңдер ме және олар нені білдіреді? Бұл сөздер қандай елдерге қатысты болуы мүмкін? Тақырыптың негізгі түйінді сөздеріне қарағанда, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

 Оқушылардың жауаптарын тындағаннаң соң, оларға осы сабақта Шығыс елдеріндегі абсолютизмнің сипаттамаларын зерттеп және оларды Батыстағы абсолютизмнің сипаттамасымен салыстыратындарын хабарлаңыз.

 Сабақ тақырыбын хабарлап, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептпен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады.

 3. Бейнероликпен жұмыс. Оқушыларға Тыйым салынған қала – Пекин қаласындағы Қытай императорының резиденциясы туралы бейнефильмді көрсетіңіз. Оқушылардан бейнероликтен көргендері туралы өз ойлары мен алған әсерлерімен бөлісуді сұраңыз. Мына мәселелерді талқылаңыз:

- Бейнефильм көрінісі сендерде қандай эмоцияларды туындатты?- Сендерді не таң қалдырды?- Сендерде қандай сұрақтар туындады?- Осындай апыл сарай кешенінің құрылуы ненің белгісі болып табылады?

- Әлемде қандай осыған ұқсас құрылымдар бар деп ойлайсыңдар?- Неліктен батыс және шығыс монархтар өздері үшін осындай керемет резиденцияларды құрды?- Абсолюттік монархтардың билігі кезінде қарапайым адамдар қалай өмір сүрді?- Еуропалық және Шығыс монархтардың билігінде олардың салған сарайларына қарағанда несімен ұқсас болды?

 - Сізге белгілі сарайлардың қайсысы ғаламат үлкен болып көрінеді? Неге олай деп ойлайсыңдар? (Орта ғасырларда Шығыс экономикалық және мәдени даму тұрғысынан Батыстан көрі алда болды, сол себепті Қытай императордың билігі мен байлығы ең мықты болды деп, оқушыларға түсіндіріңіз).

Тапсырма дескрипторлары:- Оқушы қытай императордың сарайының ерекшеліктерін сипаттайды;- Қытай императордың билігі мен байлығы орта ғасылар заманының билеушілерінің барлығынан да абсолютті болғанын дәлелдейді;- Оқушы Шығыс пен Батыстың абсолютизм биліктеріне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды.

 

 3. Терминдермен жұмыс. Оқушыларға Жапониядағы Токугава әулетінің қалыптасуына және бірінші сегун Токугава Иэясудың билік құрған кезеңіне арналған оқулықтағы мәтінді оқуды сұраңыз. Оқушыларға жаңа терминдерді олардың қысқаша түсіндірмелерімен бірге дәптерге жазуға кеңес беріңіз.

 Содан кейін оқушыларға көзге түспейтін қателігі бар анықтаманы дәптерге жазуларын сұраңыз. Содан кейін әр оқушы өз кезегінде өзінің қателіктері жасырылған анықтамаларын оқиды, ал басқа оқушылар әдейі жасаған қателерді табуға тырысады. Осылайша, оқушылар жаңа терми сөздерді пысықтайды, естеріне сақтайды және сонымен қатар, ортағасырлық Жапониядағы сегунат кезеңі туралы білімдерін жүйелейді.

 

 4. Топтық жұмыс. Оқушыларға абсолютизм белгілерінің тізімін ұсыныңыз: Абсолютизмнің белгілері:1. Король провинцияларды, қалаларды толық өзі бақылады.2. Заң шығару мен жариялау монархтың шексіз құзыретінде болды.3. Көп мүшелерден тұратын бюрократиялық аппарат.4. Тұрақты армия мен полицияға сүйенуі.5. Шіркеудің мемлекетке толық тәуелділігі.

 Сыныпты 2 топқа бөліп, әрбір топ Шығыс монархтардың бірі – Юнлэ немесе Иэясу Токугава туралы мәтінмен танысады. Тапсырма: алдыңға сабақ кезеңінде қолданылған император Юнлэ мен сегун Токугава Иэясу туралы мәтіндерді пайдаланып, оның билігінде абсолютизмнің белгілері ұаншалықты айқындалғанын дәлелдейтін фактілерді таңдап алулары керек.

 Тапсырма дескрипторлары:

  -Оқушылар абсолютизмнің 1-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 2-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 3-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 4-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді;

 - Оқушылар абсолютизмнің 5-ші белгісі бойынша дәлелдер келтіреді.

 

  •  Рефлексияны ұйымдастыру үшін, «Қызуөлшегіш» атты әдісін өткізіңіз. Оқушылардан түсті қарындаштарды дайындауларын сұраңыз, тақтаға бағанмен жазылған оқушылардың аттары бар плакатты іліңіз. Сабақтың соңында қалыптасқан өзінің эмоционалдық күйі туралы ақпараты әр оқушы өзінің аты жазылған ұяшықтың қасына түрлі түсті қарындашпен белгілейді.

 Әр түсі түрлі көңіл-күйді айқындайды:

Қызыл - жігерлі, қуанышты, белсенді көңіл-күй;Қызғылт-сары - қуанышты;Жасыл - тыныш, бір қалыпты;Көк - қайғылы, мұнды;Күлгін - алаңдаушылық, қасірет;Қара - өте қанағаттандықсыз жағдай.

 Кейбір оқушылардан өздерінің ойларына түсініктеме беруін сұраңыз: неге олар осы түсті тандады, сабақта нені ұнатты, немесе, керісінше, немен қанағаттанбады. Қажет болған жағдайда, оқушыларға сабақта зерттелген тақырып бойынша өз білімдерін қалай жақсартуға болатыны туралы кеңес беріңіз.

 6. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз. Мысалы:

- Лю Чан, «Пекинде Тыйым салынған қала», баспа үйі: Пекиндік "Шанс" компаниясы; 2013 ж.(Бұл кітапта Тыйым салынған қала туралы - империялық Қытайдың жүрегі туралы айтылған. Мұнда императорлар мен олардың отбасылары өмір сүрді, ел тағдырына қатысты шешімдер қабылданды, үлкен салтанатты шаралар өткізілді. Оқырман Тыйым салынған қаланың тарихын зерделейді, сәулет ескерткіштерінің сипаттамасымен танысып, ортағасырлық шеберлерді Тыйым салынған қаланы жобалау мен құру кезінде қалай ойлағандарымен танысады. Қорытынды бөлігі кешеннің ішкі бөлмелеріне және оның көптеген тұрғындарына, безендіруіне, олардың эстетикалық талғамдарына және өмірдегі оқиғаларға арналған. Кітап қытай архитектурасы мен тарихы туралы көбірек білгісі келетін оқырмандарға қызығушылық тудырады).

Сабақ тақырыбына арналған қосымша теориялық материалдар

Хэцзюнь Фэннің «Тыйым салынған қала тарихы» кітабынан

 «Гугун мұражайы (дәлме-дәл «бұрынғы сарай») бір кездері императорлардың сарайы – Мин және Цинь әулеттерінің императорлары тұратын және қоғамдық істермен айналысатын орын болған.

 Сарайдың құрылысы басталған уақыттан бері 600 жылдан астам уақыт өтті. Тыйым салынған қала аумағы 720 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда және түрлі ғимараттар болды: павильондар, күркелер, жасанды таулармен безендірілген саябақ, балдыры мол өзендер және т.б.

 Аңыз бойынша, Тыйым салынған қалада 9999 және жарты бөлме, яғни Аспанның Иесі тұратын Аспан Сарайына қарағанда, бөлмелер саны жарты бөлмеге аз болды. Император - Аспанның ұлы, сондықтан оның сарайы қырда салынған – сондықтан Тыйым салынған қаланың басқа ғимараттары сарайдан төмен деңгейде орналасқан. Егер бұл шектеу болмағанда, онда қаланы қандай екпінмен салынған болатынын елестетуде мүмкін емес еді.

 Біз Тыйым салынған қалада көптеген сарайлар бар екенін білеміз. Олар қытайлық архитектуралық шедевр ғана емес, сондай-ақ феодалдық этикеттін айқындайтын құрылыс еді. Император алтын жалатылған тақта отырды, ал шенеуніктер тәртіппен, лауазымдарына сәйкес, алаңда тұрды. Жоғарыда орналасқан қадамдар императорды шенеуніктерден бөліп тұрды.

 Хош иісті түтіндер мен ежелгі әуеңдер императордың ұлылығын ерекше көрсететін. Гугун мұражайында архитектуралық ескерткіштер, каллиграфиялық жазулар, сызбалар, керамика, сағаттар, нефриттер, лакпен сыланған өнімдер, қола жазулар, классикалық кітаптар, Будда мүсіндері, сарай ыдысы және т.б. - мұның бәрі керемет әсемділікпен жасалған. Мұражай шетелдік туристерді қызықтырады. Бұл таңқаларлық емес, себебі әрбір кірпіштің ежелгі тарихы бар. «Адал және әділ!» жазуы бар тақтайшаның артында қаншалықты қастандық жоспарланған! Алтындатылған таққа үшін қанша соғыстар болды!

 Император Фаньхуалоу павильонында медитация жасаған кезде ол мәңгілік пен кемелдікті іздей ме, әлде жай ғана күнәларына өкінген бе?

 Тыйым салынған қаланың қақпаларын ашып, оның тарихымен танысайық!

 «Ұлы қабырғаға жете алмаған адам шынайы ер деп есептелмейді, ал Гугун мұражайын көрмеген адам шынайы өкінішке лайықты» - деген мақал Қытайдың Ұлы қабырғасының және Тыйым салынған қаланың символикалық рөлін жақсы сипаттайды. Гугун мұражайы - Қытай тарихы мен өнерінің нағыз энциклопедиясы».

 

(Дерек көз: https://www.labirint.ru)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу