Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Юнлэ (Чжу Ди) (2 мамыр 1360 - 12 тамыз 1427) - әулетті қалаушы екінші император. Билікке заңсыз әрі қатал жолмен келгеніне қарамастан, Юнлэ билігінің уақыты тарихта салтанатты мерзім ретінде қалған. Император халықты қалыпты жағдайда ұстауға тырысқан, сонымен қатар буддалық рәсімдер мен мейрамдардың маңызын арттырған.
Чжу Ди ғылым мен білімге көп көңіл аударған. Император Юнлэ үлкен энциклопедия жазған, бұл энциклопедия тарихта «Юнлэ энциклопедиясы» деп аталған, 600 жыл бойы әлемдегі ең үлкен энциклопедия болып саналған, бірақ кейін бұл рекордтты Ағылшын Уикипедиясы жаңартты. Ішінде жарты миллион бет болған, осы уақытқа дейін 4%-ы ғана сақталған.
Император экономиканы арттыруға белсене кіріскен. Ақсүйектермен біріге отырып, Юнлэ жемқорлықпен, жасырын топтармен, қарақшылармен және Юньвэн жақтастарымен қатал күресе бастаған. Император азық-түлік өнімдерін көбейту үшін шаралар қабылдаған. Янцзы жерін өңдеген, Ұлы Қытай қорғанын жаңартқан. Қайта құрылған Ұлы каналдың ашылуы Янцзы жерімен солтүстік жерлер арасындағы кең каботажды кеме қатынасының тоқтауына әкеп соқтырған.
Чжу Ди Пекин қаласын Қытайдың астанасы ретінде жариялаған, дәл осы жерде «Жабық каланың» құрылысы басталған және аяқталған. Пекин 500 жылдай Қытайдың астанасы болды.
Чжу Ди билігінің кезінде конфуцийшілдік және ғылым дамыған. Ол Су Цзин деген мемлекет хатшысына барлық кітаптар мен тақырыптар бойынша қысқa аңдатпалар жасауға бұйырған, 17 айдан кейін бірінші томы жарық көрген, ал 1557 жылы «Юнлэ билігі кезіндегі энциклопедия» деген келесі том пайда болған. Осы жерде адамзаттың Қытайға белгілі барлық жетістіктері жазылған. Бұл еңбек 11 томға жіктелген 3000 жазбадан тұрған.
Чжу Ди жаңалықтарға толерантты түрде қараған Конфуцийшілдікті даосизмді және буддизмді қолдаған қытайлық дәстүрлерді жаңдандыруға, моңғолдардың мәдениетке әсерін тоқтатуға тырысқан.
Сыртқы саясаты
Юнлэ дәуірі кезіндегі дипломатиялық және әскери-дипломатиялық экспедициялар жүргізілген. Чжу Ди императордың әрекеттері «Ішкі Қытай» шекарасынан тыс жерлерде Мин империясының билігін күшейтуге негізделген. Ол өзін толық император ретінде мойындату үшін жиі Мин империясынан алыс-жақын жерлеріне сапар шеккен. Тарих бойынша осы іс әрекеттердің барлығын Чжу Ди император Мин империясының әлемдік қолдауын алу үшін жасаған. Оның ішкі саясаты жан-жақты болған. Солтүстікке қарсы Чжу Ди моңғолдарды жою үшін 5 жорық жасаған және «бейбіт» моңғолдармен сауда жүргізген.1424 жылдың 1 сәуірінде Чжу Ди Гоби шөлінде моңғолдарға қарсы соңғы жорығын жасаған. Жорық барысында сәтсіздіктері көп болған. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AE%D0%BD%D0%BB%D1%8D)
Токугава саясаты елді біріктіру қалалар мен сауданың өркендеуіне жол ашты. Токугава тұсында 200-ге жуық қалалар мен қалалық типтегі поселкілер болды. Олардың ірілері Эдо, Осака, Киото және басқа қалаларда жүз мыңнан астам халық тұрды. Жапон қалалары қолөнер мен сауданың орталығы болды. 17 ғасырдан бастап мануфактуралық типтегі өндіріс орындарының саны өсті. Қаладағы көпестер өте ауқатты тұрып, қоғам өміріне өз ықпалын жүргізе алды. Көпестер кедейленген феодалдар мен княздердің шаруашылықтарын, өндіріс орындарын өз қолдарына алды.
Токугава халықты 4 сословиеге бөлді. Бұл әлеуметтік жіктелу си-но-ко-се деп аталды. Си-самурайлар, но-шаруалар ко-қолөнершілер, се-саудагер, көпестер болды. Жапонияда император - «тірі құдай» билік етеді, бірақ елді басқару ісі сегунның қолында болды. Сегунның айналасындағы жақындары және самурайлар жоғары сатыда тұрды. Импетратор өзінің астанасы Киотода өмір сүрді, оның сарайында онымен бірге өз елігінде жерлері жоқ ақсүйектер тұрды. Токугава сегунаты тұсында елге феодалдық қатынас дағдарысқа ұшырады. Шаруаларды қанау одан ары күшейді. Барған сайын төменгі тап өкілдерінің бас көтерулері күшейді. 17 ғасырдың 30-шы жылдарында сегун Иэяцу Токугава Жапонияның сыртқы әлемнен оқшалануы туралы бірқатар шараларды іске асырды. Европалықтарды және христиан миссионерлерін елден қуу, христиан дінінің одан әрі тарауына жол бермеу шаралары ерекше орын алды. Жапонияның «Жабық есік саясатын» ұстануы Европалықтардың елге ықпал етуін доғарып, феодалдық тәртіпті ретке келтіру мақсатында жасалды. Жапония Европамен сауда байланыстарын тоқтатты. Тек Симабарадағы көтерілісті басуға көмектескені үшін голландықтарға ғана кейбір порттарға келуге мүмкіндік берілді. Жапония, Қытай көпестерімен сауданы жандандырып, екі елде ашық сауданы өркендетті. Жапон көпестері Қытай, Индонезияда, Филиппинде сауда жүргізді. 18 ғасырдың мануфактуралық өндірісі өркендеп, тігін, шарап өндіру, бояу өндірісі, қант, қағаз өнеркәсіптері кеңейді. Бір сөзбен айтқанда жапон экономикасының капиталистенуіне феодалдық тәртіп бөгет жасады. Шаруаларды қанау барынша күшейе түсті. Төменгі сословиеге салынатын салық түрлері де көбейді. Токугава сегунаты тұсында елде сословиелік күрес анық байқалды. Бір уақытта Батыс Европада өнеркәсіптік капитализм жеңіске жетіп нық орнықты. Батыс елдері отаршылдық пиғылды көздеп, Азияның әлсіз елдеріне ауыз сала бастады. Жапонияда феодалдық тәртіп терең дағдарыс шегінде тұрды. Батыс елдерінің бұл елді отарлау қауіпі тұрды
(http://malimetter.kz/zhaponiyadagy-feodaldyk-tartiptin-dagdarysy/)
№1 тапсырма Мәтіннің негізінде төменде берілген тапсырмалар бойынша терминмен жұмыс жаса.
- Терминді анықтауда кілтті сөздерді белгіле.
- Берілген терминді 5 сөзге дейін қысқарт.
- Терминдер арасындағы 5 өзара тәуелділікті қалыптастыр.
- Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңда.
- Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықта
Сёгун | жапонның әскери қолбасшысы, ол үкiмет басшысы да болды. |
Самурай | Жапониядағы ұсақ дворяндардың әскери-феодалдық сословиесi. |
Микадо | Жапония императорының титулы. |
Даймё | ең ірі феодалдар. |
Си-но-ко-сё | жапон қоғамындағы сословилік, әлеуметтік жүйе. |
Қосымша 2
№2 тапсырма Кестеде берілген дәйектемелерге мәтіннен мысалдар келтір.
Дәйек (аргумент): | Мысалдар Юнлэ мемлекеті | Мысалдар Токугава мемлекеті |
Соттарды және үкімет басшыларын өзi тағайындап отырды | ||
Армияны өзi басқарды | ||
Салық мөлшерiн өзi белгiледi | ||
Монархтар шiркеудi өздерiне бағындырып алды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру