Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 6.19.2

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату

6.3.1.5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Юнлэ және Токугава билігінің ерекшелігін анықтап, батыс билеушілірінің билігімен салыстыру.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Оқушылар деректі және концептуалды сұрақтарды құрылымдай алады;
  • Юнлэ мен Токугава билігін постерде сипаттайды;
  • Батыс және шығыс императорларының билігін концепт картада талдап, салыстырады;

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Ұқсастықтық пен айырмашылық

Тілдік мақсаттар

 

  • Пәнге тән лексика мен терминология:

Тілдік дағдылардың төрт қағидасы әртүрлі әрекеттерде қолданылады:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қытай протестанттары, Жапония, Юнлэ император, Конфуций, Тыйым салынған қала, коутоу, Токугава Иэясу сёгун, самурай, вассал, даймё

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Император Юнлэ шексіз билеуші болды, себебі... …

- Юнлэ император шексіз монарх болмады, себебі ...

- Токугава Иэясу сёгун Юнлэ императорға қарағанда көбірек/азырақ шексіз билікке ие болды...

- Мен ....көбірек шексіз билікке ие болды деп санаймын.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

 Пәнаралық байланыстар

География (Жапония, Қытай мемлекеттерінің территориясын картадан көрсету).

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Франция императоры XIV Людовик пен Ресейдегі Ұлы Петрдің өз империясында шексіз билеуші ретінде танылды, осы арқылы абсолюттік монархияның белгілерін Шығыс монарх билігінің ерекшеліктерінен анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-4 мин

(БЫМ) Оқушыларға Версаль сарайы мен Тыйым салынған қаланың суреті ұсынылып, тақырыпқа болжам жасатылады.

1.Бұл ғимараттардан қандай ұқсастықпен айырмашылықты көруге болады?

2. Бұл қай дүние бөлікке тән архитектуралық құрылыстар?

3. Бұл ғимараттар өзінің билеушісі туралы қандай мәлімет береді?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты мен тарихи концептімен танысу.

презентация

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі (мәтінді оқу)

4-11 мин

Жұптық жұмыс түрі

11-21 мин

Топтық жұмыс түрі

21-36 мин

Ж.№1 тапсырма Топтарға мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді жеке оқып болған соң, жұптасып стикерлерге деректі және концептуалды сұрақтар жазып, мұғалімге береді. Мұғалім барлық сұрақтарды қайтадан оқушылардың өздеріне қойып, топтарға бөледі. Деректі (нақты) сұрақтарға жауап берген оқушылар 1,2 топтарға топтасады, концептуалды (күрделі) сұрақтарға жауап берген оқушылар 3,4 топтарға бірігеді.

Дескрипторлар:

Оқушылар деректі және концептуалды сұрақтарды құрылымдай алады;

Т. №2 тапсырма. Оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөлген соң әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.

1- топ Юнлэ билігінің ерекшеліктерін постерде бейнелеу

2 -топ Токугава билігінің ерекшеліктерін постерде бейнелеу

3-топ Юнлэ мен Токугава билігінің ерекшеліктерін концепт-картада талдау.

4-топ Юнлэ мен Токугава билігін XIV Людовик пен I Петр тұсындағы билікті концепт-картада талдау және салыстыру.

Топтық жұмысты бағалау критерийлері:

  • Тапсырманың нұсқаулыққа сәйкес орындалуы;
  • Мазмұның аша білуі;
  • Баяндау шеберлігі;
  • Уақытты тиімді пайдалана білуі;

(ҚБ) Әр топ өз зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырады.

Дескрипторлар:

  • Юнлэ билігінің кем дегенде 3 ерекшеліктерін постерде бейнелейді;
  • Токугава билігінің кем дегенде 3 ерекшеліктерін постерде бейнелейді;
  • Юнлэ мен Токугава билігінің ерекшеліктерін кем дегенде 5 ерекшеліктерін концепт-картада талдайды;
  • Юнлэ мен Токугава билігін XIV Людовик пен I Петр тұсындағы биліктің кем дегенде 5 ерекшеліктерін концепт-картада талдап, салыстырады;

Әр топ өз жұмыстарын жариялаған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалау критерийлерәне сәйкес бағалайды.

№2тапсырма. XIV Людовиктің Версаль сарайы мен Қытай императоры Юнлэ тұсындағы Тұйық қаланы Венн диаграммасында салыстыр.

Салыстыру критерийлері:

Салынған мерзімі

Орналасқан жері

Көлемі

Бөлмелер саны

Құрылысшылар саны

Материал құрамы

https://www.youtube.com/watch?v=XOIGkO-tVGs

Памятники мировой архитектуры. Запретный город

Қосымша 1

Презентация

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия:

Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіне қаншалықты ұқсас?,-сұрағына кем дегенде 2 түйінді ой айту.

Аяқталмаған сөйлемдер:

Мен білдім ...Мен үйрендім ...Маған ұнағаны ...Маған қиындық туғызды ...Менің көңіл-күйім ...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөліп, топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін -өзі, бірін- бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Топтық жұмыс оқушылардың топтық бағалауы нәтижесінде бағалау критерийлері арқылы жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Рефлексия бөлімінде сабақтың басында қойылған зерттеу сұрағына оқушылардан жауап алынады.Кері байланыс алынады.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу