Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6.19.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім Абсолютизм: Батыс пен Шығыс | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату 6.3.1.5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру | ||
Сабақ мақсаттары | Юнлэ мен Токугава билігінің ерекшелігін анықтап, салыстыру. | ||
Бағалау критерийлері
| Дескрипторлар:
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| Ұқсастықтық пен айырмашылық | ||
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік дағдылардың төрт қағидасы әртүрлі әрекеттерде қолданылады: Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қытай протестанттары, Жапония, Юнлэ император, мандарин (шенеунік), Конфуций, Тыйым салынған қала, коутоу, Токугава Иэясу сегуны, сёгун, самурай, вассал, даймё Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Император Юнлэ шексіз билеуші болды, себебі... … - Юнлэ император шексіз монарх болмады, себебі ... - Токугава Иэясу сёгун Юнлэ императорға қарағанда көбірек/азырақ шексіз билікке ие болды... - Мен Осман империясында шексіз билеуші/ шексіз билеушілер болды деп ойлаймын, себебі.... - Мен ....көбірек шексіз билікке ие болды деп санаймын. | ||
Құндылықтарды дарыту
| - тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; - басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру; | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Жапония,Қытай мемлекеттерінің территориясын картадан көрсету). | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Франция императоры XIV Людовик пен Ресейдегі Ұлы Петрдің өз империясында шексіз билеуші ретінде танылды, осы арқылы абсолюттік монархияның белгілерін Шығыс монархтарының билігінің ерекшеліктерін анықтау. | ||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-6 мин | (БЫМ) Миға шабуыл: Оқушылармен бірге Пекиндегі Тыйым салынған қалаға виртуалды саяхат жасау. (Бейнематериал негізінде) 1.Пекиндегі ғимарат архитектурасы, салыну үлгісі мен олардың орналасуы осы құрылысты салдырған билеуші туралы қандай мәлімет береді? 2.Бұл ғимараттың Версаль сарайымен қандай ортақ ұқсастығы бар? Оқушыларға Юнлэ мен Токугава монархтардың портреттері мен биліктің белгілерін көрсететін суреттер негізінде немесе бейнематериалды көрсете отырып, сабақ тақырыбына болжам жасату.
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты анықталады, тарихи концептті таныстырылады. | Презентация Пекиндегі Тыйым салынған қала https://www.youtube.com/watch?v=XOIGkO-tVGs Версаль сарайы https://www.youtube.com/watch?v=o02EXvrWac8 | ||
Сабақтың ортасы
М: 6-8мин Жұптық жұмыс 8-15 мин Жұптық жұмыс 15-25 мин Топтық жұмыс 25-30 мин Топтық жұмыс 30-37 мин | М. Абсолюттiк монархияның негiзгi белгiлерiн еске түсіріп,таныстыру: – корольдiң сөзi бүкiл ел үшiн заң болды; – король қазынаны өзi билеп төстедi; – соттарды өзi тағайындап отырды; – армияны өзi басқарды; – салық мөлшерiн өзi белгiледi; – салық жинаушыларды өзi тағайындап отырды; – елдiң барлық халқы корольдiң боданы деп саналды. –шiркеудi өздерiне бағындырып алды. Б. Жапонияның картасын көрсету барысында мұғалім осы мемлекеттің XII ғ. аяғындағы саяси жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырады. Ж Оқушылар мәтінді жеке оқып, Токугава Иэясу сёгунның Жапониядағы билігі тұсындағы кезеңін зерттейді. Ж. №1 тапсырма Мәтіннің негізінде берілген тапсырмалар бойынша терминмен жұмыс жасату. Дескрипторлар:
Ж. №2 тапсырма. Төменде берілген дәйектемелерге (аргументтерге) мәтіннен мысалдар келтіру. (ҚБ) Әр жұп өз зерттеу жұмысының нәтижесін таныстырады. Дәйектер:
Дескрипторлар:
Т №3 тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Бір оқушыны император Юнлэні бейнелеу үшін орындыққа отырғызып, қалғандарын оның алдында басын көтермей, көзін төмен салып тұрғызу. Императордың алдында тұрған барлық оқушыларға «император» алдында еңкейіп, содан соң бір тізесімен тізерлеп, алақанын еденге төсеп, үш рет маңдайын еденге тигізуін және осы бас июді екі рет қайталап жасауын ұсыныңыз («коутоу» - ақсақалдарға құрмет көрсету немесе билік иеленушілерге, яғни императорға қатысты ежелгі қытай салты). Император рөліндегі оқушы мен бірнеше оқушыдан бұл рәсімді орындау сәтінде не сезінгендігін сұрау. Оқушыларға қытай императорын ұлықтау, сондай-ақ басқа маңызды жиындарда үш рет тағзым ету мен тоғыз рет төмен иілу ережесі дәстүрлі түрде орындалғандығын түсіндіру Дескрипторлар:
Т. №4 тапсырма. Төмендегі сұрақтар негізінде топтағы оқушылар талқылау жасайды. 1.Императорға құрмет көрсету рәсімдері кезінде сарай төңірегіндегілер мен қызметшілер өздерін қалай сезінуі мүмкін? 2.Қытай және француз билеушілері өз бағыныштыларынан қандай қарым-қатынасты қалады? Дескрипторлар:
| Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 | ||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия: Б Сёгун Токугава мен император Юнлэнің қайсысында шексіз билік басымырақ болды? деген сұраққа оқушылар өз дауыстарын береді. (аяқталмаған сөйлемдер) Мен білдім ...Мен үйрендім ...Маған ұнағаны ...Маған қиындық туғызды ...Менің көңіл-күйім ... | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін -бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру