«Мемлекеттік ту қазақтардың ұлттық бірегейлігін қалай бейнелейді?». Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Дүниетану 3В бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» Тақырып: «Мемлекеттік ту қазақтардың ұлттық бірегейлігін қалай бейнелейді?» | Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С. | ||||||||
СЫНЫП: 1 | Қатысушылар саны: | қатыспағандар: | |||||||
Оқу мақсаттары | 1.1.1.2 Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға жауап беру 1.2.6.3.ҚР мемлекеттік әнұранын орындау. 1.2.6.2.Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын беру 1.1.2.1.Кейбір нақты білімдері мен түсініктерін көрсету 1.1.5.1.Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Тілдік мақсат |
|
|
| |||
|
|
Түйінді сөздер
| |||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
| ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Кіріспе бөлім |
| https://www.youtube.com/watch?v=mn4JJP7pZbU («Көк тудың желбірегені» әні) | |||||||||||||||||||
Негізгі бөлім |
Оқушыларға иллюстрациядағы бүркіттің және күннің суретіне қарап тұрып, сұрақтарға жауап беруі тапсырылады.
Бұл жұмыстан кейін мұғалім сұрақтар қояды: Бұл суреттер қай жерде бейнеленген? Олардың әрқайсысы нені білдіреді, қалай ойлайсыңдар? Ерте заманда тулар әскери ерліктің белгісі болған. Туға ерекше құрмет көрсетілген. Біздің заманымызда ол елдің тәуелсіздігін білдіреді. Қазақстанның Туы көгілдір түсті. Көгілдір түс еліміздегі береке мен бейбітшілікті білдіреді.
-Біздің еліміздің Туын көкке көтеру үшін өздерін не істей аласындар? 6. (Т) Оқушыларды үш топқа бөлу. «Ойлан». Мақалмен жұмыс.«Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көру ұсынылады. «Тусыз бірлік болмас, қарусыз жігіт болмас»? мақалды қалай түсінесің? Бұл сұраққа жауап беру үшін «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көруді ұсынамыз. Топтық жұмыс: бір топқа әуенін тыңдау, екінші топқа декорациясын қарау, ал үшінші топқа адамдардың әрекетін бақылау тапсырылады. Сосын әр топтың бір мүшесін алып, оларды біреуі сазын, екіншісі декорациясын, ал үшіншісі адамдардың әрекетін сипаттайтындай етіп, бір топқа отырғызады. Оқушылардың міндеті – аталмыш фильм мақалды қалай растайтынын айту. -Бұрынғы кезде қазақ халқына ту не үшін қажет болды? -Ал қазіргі кезде тудың рөлі қандай? Қай кезде біз оны биікке көтереміз? 7.Оқушыларға мәтінді өз беттерінше оқу тапсырылады. Әрбір елдің мемлекеттік рәміздері бар. Оған Елтаңба, Ту және Гимн жатады. Қазақстанның рәміздері еліміздің тарихы туралы айтып бере алады. Олар еліміздегі барша халықты біріктіреді. 8. Сен білесің бе? Абылай ханның әскери туының түсі ақ болған. Осы тудың астында ұлы ханның қолы жоңғарларды талай талқандаған. Оқушыларға қазақтың атақты ханы Абылайдың портреті көрсетіледі. Абылай ханның қазақ халқына өте ауыр болған кезде өмір сүргенін және қазақ қолының жоңғарларға қарсы соғыстарына он бес жасынан бастап қатысқандығын айту керек. Абылай ханның ең үлкен еңбегі – қазақтың үш жүзінің басын бір тудың астына біріктіре алғандығы екендігін баса айту қажет. Бір оқушыға айдардың мәтінін дауыстап оқу тапсырылады. «Жеті жебе» әдісін қолдана отырып, ақпаратты байытуға да болады. Портреттің айналасына жеті жебе сызылады. Әр жебенің тұсына оқушылар тарихи тұлғаны сипаттайтын бір-бір сын есім жазып шықсын.
| Мультимедиапроектор, мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, гимннің дыбыс жазбасы, «ту», «гимн», «елтаңба» сөздері жазылған карточкалар, «Бәйтерек», «Алтын адам» суреттері, флипчарт, түсті маркерлер, «Мемлекеттік Ту» тақырыбында таныстырылым, түсті қағаз, желім, қайшы, ҚР-ның рәміздерінің элементтері бейнеленген суреттер (бүркіт, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты пырақ), жапсырмалар, өрнек-жапсырмалар, «Байқап көр» айдарының тапсырмаларына қолданылатын ту үлгілері. Интернет-дереккөздері http://www.youtube.com https://www.youtube.com/watch?v=ALGIpmCKcsM (Ерболаттың бейнеклипы «Мен қазақпын», «Жау жүрек мын бала» фильмнен үзінділер) | |||||||||||||||||||
Қорытынды бөлім | Рефлексия «Табыс баспалдағы» | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Пәндік байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары АКТ байланыс, Құндылықтармен байланыс (тәрбиелеу элементі) | |||||||||||||||||||
Керек сөздерді қою: Ертеде ту _____________ ерліктің белгісі болды. Қазір ол елдің ___________________көрсетеді. Біздің елімізде көгілдір түс _________және _____________ білдіреді. Әрбір елдің__________________ рәміздері бар. Оларға _____________, _______________және __________ қарайды. Қажетті сөздер: әскери, тәуелсіздік, молшылық, бейбітшілік, мемлекеттік, елтаңба, ту, гимн. | Оқушылар: –ҚР-ның мемлекеттік Туымен танысты; – Тудағы бейнелердің мәнін білді; – Тудың мемлекет үшін маңызы мен мәнін түсінді. Оқушылар үйренді: – бақылау жасауды; – ақпарат негізінде өз пікірілерін жеткізуді; – жауаптарында сәйкес келетін лексиканы қолдануды; – халқымыздың өткені мен бүгінін салыстыруды; – Туға құрметпен қарауды. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушылардан нақтылаудың дұрыстығын анықтауды тапсырыңыз. – Ту елдің тәуелсіздігін әйгілейді. – Қазақстанның туының түсі – қызыл. – Қазақстанның туында көгершін бейнеленген. – Мемлекеттік рәміздер елдің тарихын баяндай алады. | Бұл сабақта оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды үйренеді. Өнер. «Байқап көр» айдарының тапсырмасын орындайды. АКТ. Интернет-дереккөздерден әртүрлі мемлекеттердің тулары жайында материалдарды іріктеп алады. | |||||||||||||||||||
Бақылау Сабақтың мақсатына жетім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?