«Мемлекеттік ту қазақтардың ұлттық бірегейлігін қалай бейнелейді?». Дүниетану, 1 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында 32 шапағы бар күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір түсті тіктөртбұрыш матадан тұрады. Ішкі жиегінде ұлттық өрнек салынған тік жолағы бар. Күн, күннің шапағы, қыран бейнелері мен өрнек – алтын түстес. Тудың авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Оның сөзіне қарасақ, ту жобасымен айналысқан алты айлық жұмысының төрт айында қазақ халқының тарихын зерттеп, әдебиеттер оқыпты. Тудың идеясы ұлттық өнерден, тарихтан алынған екен. Күн – өмір мен қуат көзі. Геральдика заңы бойынша күн сұлбасы байлық пен дәулеттің белгісі екен. Сондықтан да тудағы күннің 32 шапағының дәулет пен молшылықтың негізі – бидай пішіндес екендігі кездейсоқ емес. Қыран құс көшпелілердің дүниетанымында ерекше орын алады. Қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті сипаттайды. Көшпелілер үшін ол еркіндіктің, тәуелсіздіктің, мақсатқа ұмтылудың белгісі. Оған қоса, биік мақсаттарға жетуіне кім бөгет жасағысы келсе де, қыран тойтарыс бере алады. Ұлттық өрнек Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін айшықтайды.
Сақтар, ғұндар, қыпшақтар туды жауынгерліктің белгісі деп құрмет тұтқан. Олар әскери туды қолдың ерекше күші мен сақтаушысы деп сенген. Тудың құлауын жеңіліс санағандықтанда, олар шайқастарда әскери туды жандарын сала қорғап отырған.
Ту алыстан көріну үшін, оны көк, қызыл, жасыл сияқты ашық түсті маталардан тіккен, кейде бір туда бірнеше түстер де болған. Әрбір түстің өзіндік мәні болды. Ұлы хан Абылайдың туының түсі ақ болған. Ақ түс адалдық пен әділдікті білдірген. Абылай хан үш жүздің басын қоса білген көрнекті билеуші, керемет мәмілегер және талантты қолбасшы болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру