Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2 бөлім: Командалық және спорттық ойындар арқылы өзара әрекеттесу. | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары. | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.2.1. Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын бағалау. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Сабақ барысында оқушыларды жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын көрсете білуге үйрету. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар сабақ барысында жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын көрсете алады. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пән лексикасы және терминология: Топтық ойын ойнауға қажетті дағдыларды талқылайды және көрсете алады. Мыналарды қамтиды:
| |||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Көшбасшылық қасиеттері, жеке жауапкершілік. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс - қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс. | |||||||||||||
Кілттік дағдыларды дамыту | Оқушылар сабақ барысында, командалық және спорттық ойындарды өткізген кезде, бір бірін бағалағанда, қателіктерін түзегенде, ақыл-кеңес бергенде коммуникативтік дағдыларын дамытады. | |||||||||||||
Алдын ала білімі | Оқушылар алдыңғы сыныптарда және сыныптан тыс уақытта спорт ойындарын, топта жұмыс істей алу дағдысын үйренді. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 6 минут 8 минут Сабақтың ортасы 8 минут 10 минут Сабақтың соңы 5 минут | (С) Мұғалім оқушылармен амандасады. Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:
Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады «Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары». Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң мұғалім оқушылар арасынан көшбасшыны таңдап оған қозғалыста ЖДДЖ (жалпы дене дайындық жаттығулары) және бір орында АФЖ (арнайы физикалық жаттығулары) өткізуге ұсынады. Дайындық жаттығуларын орындап болған соң мұғалім оқушыларға презентацияны көруге ұсынады. Презентацияны тамашалап болған соң мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады. Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады. (С, Т, К, ҚБ) Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі де волейбол ойынынан кіші чемпионат өткізеді. Жарыс кезінде оқушылар әртүрлі ойын комбинацияларын қолданады. Тапсырманың дескрипторлары: - ҚТ ережелерін сақтайды; - мұғалімнің белгілері мен нұсқаулықтарына мұқият көңіл аударады; - ойын ережелерін бұзбайды. Сұраңыз: Бұл жарыс қандай құндылықтарды дамытады? Жарысты өткізген соң әр топқа тапсырмалары бар қима қағаздарды таратады. Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады. Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады. (С, Т, К, ҚБ) Ресми ережелері бойынша волейбол оқу-жаттығу ойыны. Ойын барысында оқушылар әртүрлі ойын комбинацияларын қолданады. Тапсырманың дескрипторлары: - ҚТ ережелерін сақтайды; - ойыншылар ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - ойынының ережелерін бұзбайды. Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
Оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады. | Үлкен бос кеңістік. Презентация. Ноутбуктер. Ресурсқа сілтеме: http://voleybol-ksendzov.ru/takticheskaya-podgotovka/kombinatsiya-krest Волейбол доптары, ысқырық. Тапсырмалары бар қима-қағаздар. Ресурсқа сілтеме: http://www.fivb.org/EN/Refereeing-Rules/documents/FIVB-Volleyball_Rules_2017-2020-RU-v01.pdf Волейбол доптары, ысқырық. Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар. | ||||||||||||
Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс
Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру