Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Командалық және спорттық ойындар арқылы өзара әрекеттесу.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1. Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын бағалау.

Сабақ мақсаттары

Сабақ барысында оқушыларды жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын көрсете білуге үйрету.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар сабақ барысында жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән лексикасы және терминология:

Топтық ойын ойнауға қажетті дағдыларды талқылайды және көрсете алады. Мыналарды қамтиды:

  • қабылдау, беріс
  • соққы, дәлдік, пас, затты біреуге беру
  • шабуыл, қорғаныс
  • тактика, техника, стратегия, шешім
  • қауіпсіздік, ойын ережесі
  • қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, дәнекер
  • ойын комбинациясы

Құндылықтарға баулу

Көшбасшылық қасиеттері, жеке жауапкершілік.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс - қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

 Кілттік

 дағдыларды дамыту

Оқушылар сабақ барысында, командалық және спорттық ойындарды өткізген кезде, бір бірін бағалағанда, қателіктерін түзегенде, ақыл-кеңес бергенде коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушылар алдыңғы сыныптарда және сыныптан тыс уақытта спорт ойындарын, топта жұмыс істей алу дағдысын үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

6 минут

8 минут

Сабақтың ортасы

8 минут

10 минут

Сабақтың соңы

5 минут

(С) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - командалық табысты жетілдіру үшін сендерге қандай дағдылар қажет? - командалық ойынды қалай жақсартуға болады?

- көшбасшы қандай қаситеттерге ие болу керек?

- көшбасшылық дағдыларды дамыту үшін қандай стратегия және тактика ойлап табуға болады?

Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады «Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары».

Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң

мұғалім оқушылар арасынан көшбасшыны таңдап оған қозғалыста ЖДДЖ (жалпы дене дайындық жаттығулары) және бір орында АФЖ (арнайы физикалық жаттығулары) өткізуге ұсынады.

Дайындық жаттығуларын орындап болған соң мұғалім оқушыларға презентацияны көруге ұсынады.

Презентацияны тамашалап болған соң мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.

Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.

(С, Т, К, ҚБ) Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі де әр топтың көшбасшыларына тапсырмасы бар қима қағаздарды таратып береді. Көшбасшылар тапсырмаларымен танысып оны қалай орындау керек екенін оқушыларға түсіндіреді.

«Эстафета». Баскетбол доптарымен берілген тапсырмаларды орындайды.

Тапсырманың дескрипторлары:

- ҚТ ережелерін сақтайды;

- жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды;

- доптан айырылып қалмауға тырысады.

Сұраңыз: Бұл жаттығулар қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.

Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.

(С, Т, К, ҚБ) «Стритбол» спорттық ойыны.

Ойын барысында оқушылардың жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын бағалаңыз.

Тапсырманың дескрипторлары: - ҚТ ережелерін сақтайды; - ойыншылар ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - «Стритбол» ойынының ережелерін бұзбайды.

Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім
  • неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады.

Үлкен бос кеңістік.

Презентация.

Ноутбуктер.

Ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y Файл: тапсырмалары бар қима қағаздары «Эстафета».docx»

Ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=9tUxrBZhrKI

Баскетбол доптары.

Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу