Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 91 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру

Оқу мақсаттары

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Жүгір! Секір! Лақтыр! Үш негізгі бөлімге бөлінген, оның әрқайсысы спорт түрлерінің бір тобын қамтиды, сол топ бөлімнің атауын құрайды. Негізгі бөлімдер өте қысқа шолудан және спорт түрлерінің әрбір тобының негіздерінен тұрады. Мұнда негізгі теорияның анағұрлым маңызды бөлімдері кіреді, олар: жалпы мақсаттары, негізгі биомеханикалық қағидаттар және құрылымдық сатыларды шолуосы топқа кіретін спорт түрлерімен айналысуды талап ететін дағдылармен танысуға көмектесетін ойынды оқып-үйрену жөніндегі ұсынымдар, негізгі жаттығулар және ойынның үлгілері. Жүгіру түрлері бөлімі де орташа және алыс қашықтыққа жүгіруге жаттығудың қысқаша шолуын көрсетеді.

Мақсаттары

Барлық жүгіру түрлерінің негізгі мақсаты барынша орташа жылдамдық алуда және оны бүкіл қашықтық бойы оны ұстап тұру. Спринтте осы міндетті орындау үшін спортшы барынша жоғары жылдамдыққа жетуге және оны сақтап қалуға тырысуға тиіс. Кедергімен жүгірудегі міндет те осындай, бірақ кедергілерден өту талабы қосылады. Алыс қашықтықтағы негізгі міндеткүш-жігерді бөлу.

БИОМЕХАНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Спортшының жүгіру жылдамдығы ұзындықпен және қадамдар жиілігімен анықталады. Адамның оңтайлы ұзындығы негізінен спортшының іс жүзіндегі сипаттамаларымен және ол әрбір қадамға салатын күш-зжігерімен анықталады. Бұған спортшының өз күші, салынатын күш-жігер және ұтқырлығы әсер етеді. Қадамдардың оңтайлы жиілігі спортшының жеке жүгіру тетігіне, оның техникасы мен координациясына байланысты.

Арнайы шыдамдылық мен тактика қажетті жылдамдықты ұстап тұру үшін маңызды, алайда олардың маңыздылығының арақатынасы спринттен шамадан тыс қашықтыққа дейін өзгеріп отырады.

« Миға шабуыл »

Ойлы-қырлы жерлерден жүгірген кезде не үшін қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажет?

Ұзақ қашықтыққа жүгіру біздің ағзамызға қалай әсер етеді?

?

Топтық жұмыс

Қатысушылар кезекпен 500-800 метр арақашықтықта ойлы-қырлы жергілікті жерде жүгіреді. Арақашықтықтың араларына әр түрлі кедергілер қойылады.

- «жылан тәрізді» ұзыннан қойылған конустар арқылы;

– «сегіз тәрізді» ұзыннан қойылған конустар арқылы;

– гимнастикалық орындықтар арқылы;

- төменгі кедергілерден аттап секіріп өту;

-көлденең кедергіледі өтумен;

Эстафетаны бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Дескриптор

- жылан тәрізді» ұзыннан қойылған конустар арқылы жүгіре алады;

– «сегіз тәрізді» ұзыннан қойылған конустар арқылы жүгіре алады;

– гимнастикалық орындықтар арқылы жүре алады;

- төменгі кедергілерден аттап секіріп өте алады;

Рефлексия:

«Жетістік сатысы»

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу