Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8 бөлім. Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру | ||||||
Оқу мақсаттары | 8.3.4.1 Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: ● Топта қауіпсіз жұмыс істеу; ● Техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіну, қауіп-қатерді төмендету. | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: ● Түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізер әсерін түсінеді; ● Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетеді. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
● Сауатты сөйлеуді құру. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды: Қауіпсіздік, қимыл-қозғалыс дағдылары, физикалық жаттығулар, Денсаулық, психикалық, әлеуметтік ынтымақтастық, команда, қиындықтарды жеңу. Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сыйластық, адалдық, жауапкершілік, ынтымақтастық, командалық рух, командалық жұмыста өзара көмек көрсету арқылы құндылықтарды дарыту. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | "Орыс тілі" пәнімен, сабақта оқыған дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша оқушылардың материалын баяндау арқылы байланыс. Адам денсаулығы үшін дене жаттығуларының маңызы туралы айта білу. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қауіпсіздік техникасы және дені сау адамның негізгі белгілері бойынша презентацияны қолдану | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы кейбір түсініктерді үйренді. Денсаулықтың пайдасын түсініп, салауаттылықтың маңызын өзгеге түсіндіре біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-10 минут | Оқушылармен сәлемдесі. Түгендеу. "Миға шабуыл". Оқушыларды «Бағдаршам» түстеріне байланысты (қызыл, сары, жасыл) үш топта бөліп, үш топқа бірдей сұрақ беру. Сұрақ: Денсаулық дегеніміз не?, Дені сау адам қандай болуы керек?, Сіздер денсаулықты қалай күтесіздер? Үш топ өзерінше жұмыс жасап, постер қорғайды. Барлық оқушылар сұрақ-жауап арқылы, жұмысқа тартылуы қажет. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өз денсаулықтарын қалай сақтаулары керек? Жарақаттың болдырмау себептері қандай? Содан кейін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады. Оқушылар бірлесіп, қыздырыну жаттығуларын орындайды.
Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, оқушыларға тақырыпқа сай, тапсырмалар беріледі. Оқушылар іс-әрекеттермен танысып, топта бірлесіп жұмыс жасауға кіріседі. | Презентация, флипчарт (магнитті тақта), флипчарт қағаз, маркерлер, А4 қағазы; стикерлер. Үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық | |||||
Сабақтың ортасы 10-20 минут 20-35 минут | 1. Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Тапсырма: Жалаушаны жерге қадай отырып, 9-12 метрлі диаметр шеңбер сызылады және сол шеңбердің бойында мәре, сөре сызығы белгіленеді. Белгі бойынша қатысушылар бірдей ішкі сызықтың бойымен сағат тіліне қарсы жүгіре бастайды. Әрбір бір айналымнан немесе екі айналымнан кейін бақылау сызығынан соңғы өткен ойыншы ойыннан шығып отырады. Шеңберді айнала жүгіргенде шыдамдылығы төмен оқушылар азайып отырады. Ойын соңында ең шыдамды, ең жылдам ойыншы жеңіске жетеді. Дескриптор: 1. сағат тіліне қарсы жүгіру; 2. шеңбер ішінде жүгіру; 3. көп уақытқа дейін ойында қалу.
2. Оқушылар екі топқа бөлініп, қысқа қашықтыққа 60 м жүгіруді орындайды: - Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы туралы түсінік жасау; - Старта тұру ережесін қайталау; - Старттан дұрыс шығу әдісін орындау ; - «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір» командаларын орындауға дағдылану; - Жеке ерекшеліктерді ескере отырып, жүгіру техникасын жетілдіру; - Арақашықтықты жылдам жүгіріп өтуге дағдыландыру; - Мәреге жеткенде жылдамдықты асыра жүгіріп өтіп, 5-10 м кейін тоқтауды үйрету. Оқушылардың назарын денсаулыққа қатысты тәуекелдерге аудару. Еске салайық, жүгіру кезінде, әр кім өз жолымен жүгіру және қауіпсіздік сақтау қажет. Жарақат алмас үшін, жақсы қыздырыну. Дескрипторлар: - Жүгіру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды; - Жүгіру кезінде старттан шығуды дұрыс көрсетеді; - Мәреге жеткенде жылдамдық асыра жүгіре өтіп, тоқтайды. | Үлкен, еркін кеңістік, интернет-ресурсқа сілтеме, жылжымалы ойындар: https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej Үлкен бос кеңістік, ысқырық, жалаушалар. Бейне оқыту сілтеме: | |||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия. Талқылаулар арқылы ойындардағы әріптестік ынтымақтастықтың пайдасы мен белсенді қызметтен денсаулық үшін әлеуетті пайданы қарастырыңыз. Сұраңыз: командада жақсы жұмыс жасадыңыз ба? Дене шынықтыру дайындығының қандай компоненттері осы белсенділікті дамытады? (мысалы, төзімділік, жылдамдық). Дене жүктемесі денсаулық үшін пайдалы ма? Салауатты өмір салтының негізгі құрауыштарын атаңыз. Физикалық жүктеме эмоциялық жағдайға әсер ете ала ма? | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация: - спорттық құралдар мен жабдықтар бойынша; - топтарға бөлу бойынша; - жаттығу кезінде жүктемені бөлу бойынша. | 1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс сабақ бойы қолданылады; 2. Өзара бағалау: оқушылар топтарда бір-бірін бағалайды. Қауіпсіздік техникасы сақталды ма? Жүгірудің дұрыс техникасы көрсетілді ме? Жүгіру кезінде қауірсіздік сақт алды ма? Жүгірудің тағы қандай түрлерін білесіз? Жүгірудің адам ағзасына пайдасы бар ма? | Жаттығуларды орындау кезінде және қозғалмалы ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру