Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 91 сабақ.


Сабақ жоспары № 91

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

-орта қашықтыққа жүгірудің денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді біледі;

- ойлы-қырлы жерлерден жүгіру жүгіру кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетуе алады;

 Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі;

-жүгірудің денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді біледі;

- ойлы-қырлы жерлерден жүгіру техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

- ойлы-қырлы жерлерден жүгіру кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді және салыстыра алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Ойлы-қырлы жерлерден жүгірген кезде не үшін қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажет?
  • Ұзақ қашықтыққа жүгіру біздің ағзамызға қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жүгіру кезінде бір біріне деген құрмет көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Орта қашықтыққа жүгіру жаттығулары сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Миға шабуыл » стратегиясы .

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

«Жаяу көкпар» ойыны.

«Алаңның» бір жағына мәре сызылады (немесе белгіленеді). Аралықта (аумаққа байланысты) оған параллель сызық сызылып, оған «көкпар» тасталады. 20-30 м. мәре сызығы тұрады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, біреуден кейін мәре сызығының бойына тұрады. Мұғалімнің сигналы бойынша барлығы алға «көкпарға» жүгіреді. «көкпарды» иеленген ойыншы одан әрі жүгіреді. Оны қуып жеткен ойыншы «көкпарды «тартып алып, алға жүгіреді. Әрбір қуып жетіп алда көкпармен жүгіріп келе жатқын ойыншы мәре сызығына жетеді. «Көпарды» бірінші болып алған ойыншы оның өзінің серіктесіне бере алады. Киімді ұстауға, итеруге және «көкпарды» алғанда дөрекі тәсілдер қолдануға болмайды. Егер қарсыласы ойыншыны қуып жетіп, оған қолын тигізсе, «көкпар» оған беріледі. Командадағы серіктестің «көкпарды» алға қарай лақтыруына болады. «Көкпарды» оған бірінші болып қолын тигізген ойыншы алады

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(С, Ж, Қ) "Қақпаға жүгіру "»

Дайындалу. Екі команданың ойыншылары бір-біріне бір-бірімен сапқа тұрғызылады. Алаңның ортасында әрбір команда үшін екі жалаушамен "қақпа" (сурет. 10).

Сипаттамасы. Оқытушының сигналы бойынша қатысушылар міндетті түрде өзінің "қақпасын" жүгіре отырып, қарама-қарсы сызыққа жүгіреді және қарама-қарсы жағында құрылады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Қақпаның көлемі қатысушылардың санына байланысты.

Ережесі. 1. Сигнал бойынша жүгіруді бастау.

2. Тек "қақпадан"өту.

3. Жүгіруден кейін сапқа тұру міндетті.

Дескриптор

  • Жүгіру фазаларын біледі.
  • Жүгіру кезінде қолдың қимылын дұрыс орындайды.
  • Жүгіру ағзаға әсерін біледі.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Ойлы-қырлы жерлерден жүгірген кезде не үшін қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажет?

Жергілікті жерде жүгірген кезде қандай дене қасиеттері дамиды? Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор.

Орта қашықтыққа жүгіру жаттығулары сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу