Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 91 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру
Оқу мақсаты:
8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу
8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
«Жаяу көкпар» ойыны.
«Алаңның» бір жағына мәре сызылады (немесе белгіленеді). Аралықта (аумаққа байланысты) оған параллель сызық сызылып, оған «көкпар» тасталады. 20-30 м. мәре сызығы тұрады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, біреуден кейін мәре сызығының бойына тұрады. Мұғалімнің сигналы бойынша барлығы алға «көкпарға» жүгіреді. «көкпарды» иеленген ойыншы одан әрі жүгіреді. Оны қуып жеткен ойыншы «көкпарды «тартып алып, алға жүгіреді. Әрбір қуып жетіп алда көкпармен жүгіріп келе жатқын ойыншы мәре сызығына жетеді. «Көпарды» бірінші болып алған ойыншы оның өзінің серіктесіне бере алады. Киімді ұстауға, итеруге және «көкпарды» алғанда дөрекі тәсілдер қолдануға болмайды. Егер қарсыласы ойыншыны қуып жетіп, оған қолын тигізсе, «көкпар» оған беріледі. Командадағы серіктестің «көкпарды» алға қарай лақтыруына болады. «Көкпарды» оған бірінші болып қолын тигізген ойыншы алады
Жүгіру тәсілі.
Дескриптор
- Жүгіру фазаларын біледі.
- Жүгіру кезінде қолдың қимылын дұрыс орындайды.
- Жүгіру ағзаға әсерін біледі.
Бейне көрсетілім көрсету.
Орта қашықтыққа жүгіру жаттығулары сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc
«Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру