Ойын құрылымы. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 21 сабақ.


Ойын құрлымы

Оқу мақсаты

кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу

8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Пальма, піл, қолтырауын»

Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын қалған екеуі құлақтарын; «қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс.

Мұнан басқа да тапсырмалар арқылы топтың алғырлығы мен қиялы тексеріледі.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсырма 1

Оқушылар топты бес адамнан құрады. Төртеуі допты лақтыру мен допты қағып ұру әрекеттерін алаңда ойнайды. Әр топта кез келген ұпай санау әдісі қолданыла береді. Қалған оқушылар жаттықтырушы ретінде ойыншыларды алаңның түрлі жерінде түрлі позицияда суретке түсіреді. (екі жақтан, алаң ортасынан, алаңның жоғары жағынан). 2-3 минуттан кейін жаттықтырушы оқушыларға олардың ойында кеңістікті қолдануы туралы өз ойын айтады, содан соң олардың орнын айыстырады.

Дескриптор :

-ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды

- допты қағып алады

-допты қағып ұру әрекетін орындайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілералыптар (Ергежейлілеротырды, алыптартұрды).

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу