Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 41 сабақ.
Әдістемелік нұсқау
4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты: 6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу
Сабақтың мақсаты: Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтауға және қолдана білуге үйрету.
Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, 5-6 оқушыдан топтарға бөліп және оларды радиусы шамамен 6-8 метр болатын шеңберге отырғызып «Белбеусоқ» ойынын өткіземін. Жүргізуші шеңберді айнала белбеумен жүреді және оны отырған оқушының артына қояды. Отырған оқушы тұрып, белбеуді қолына алып, шеңбер сыртындағы жүргізушіні қуа бастайды. Оқушылар жеңімпаз болу үшін белбеуі бар ойыншыға жеткізбей, бос орынға келіп отыруы қажет, егер оларды бос орынға дейін жетіп алса, олар жеңіледі. Шеңбердегі әрбір оқушы «жүргізуші» болғанға дейін рөлдерімен ауысады.
Ең аз жүргізуші болған ойыншы жеңіске жетеді.
Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. Өткізер алдында оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру қажет.
Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
2 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Жаяу тартыс» ойынын өткіземін. Әр команданың ойыншылары кезекпен алаңның ортасына шығады. «Жоғарғы партер» қалпында, қарама-қарсы бағытқа қарап, қарсыластар белбеуді желкесінің үстінен, қолтығының астынан өткізіп киеді немесе белінен өткізеді. Мұғалімнің белгісімен, әр ойынға қатысушы, қарсыласын өзінің жағында алдын-ала белгіленген қашықтыққа тартып алуға тырысады. Тартып алған ойыншы өзінің командасына ұпай әкеледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Берілген ойында мұғалім болуы мүмкін барлық қауіптердіескере отырып, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. Өткізер алдында оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру қажет. Ойын жібінің дұрыс орналастыру қалпына назар аударып, ойын ережесінің сақталуын қадағалау қажет.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Алаңды белгілеу үшін бор, белбеу, екі ұшы бір-біріне байланған ұзын (7-8м) белбеу немесе қалың жіп.«Қазақтың қозғалмалы ойындары» интернет ресурсына сілтеме:https://weburok.com/690785/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8FD1%80%D0%B0%D0%B7%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%BE%D1%82%D0%BA%D0%B0D0%A0%D0%B0%D0%B7%D0%B2/ «Қазақтың дәстүрлі ойындары» интернет ресурсына сілтеме:http://silkadv.com/ru/node/2149Қазақтың ұлттық ойындары: 3:00:https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I Ұлттық ойындар жинағы:https://www.youtube.com/watch?v=-nfAMZKUnzU
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру