Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 41 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты: 6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу

Сабақтың мақсаты: Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтауға және қолдана білуге үйрету.

Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Түйілген орамал» ойынының командалық нұсқасын өткіземін.

Сыныпты тең екі топқа бөлу. Команда капитандарымен ойынды кім бірінші болып бастайтынды анықтап алу. Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» деген белгісінен кейін ойыншылар алаңда бір-біріне орамалды лақтырып, қарсылас команданың ойыншыларына ұстатпауға тырысады. Ал жүргізуші команда ойыншыларының міндеті – ойыншыны қуып жетіп, иығына қолын тигізіп орамалды алу. Егер ұстай алса, командалар рөлдерімен ауысады және ойын жалғасады. Бір-біріне көп рет орамалды лақтырған команда жеңіске жетеді. Ойынды 5 минут уақытпен шектеледі.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар.

2 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, 5-6 оқушыдан топтарға бөліп және оларды радиусы шамамен 6-8 метр болатын шеңберге отырғызып «Белбеусоқ» ойынын өткіземін. Жүргізуші шеңберді айнала белбеумен жүреді және оны отырған оқушының артына қояды. Отырған оқушы тұрып, белбеуді қолына алып, шеңбер сыртындағы жүргізушіні қуа бастайды. Оқушылар жеңімпаз болу үшін белбеуі бар ойыншыға жеткізбей, бос орынға келіп отыруы қажет, егер оларды бос орынға дейін жетіп алса, олар жеңіледі. Шеңбердегі әрбір оқушы «жүргізуші» болғанға дейін рөлдерімен ауысады.

Ең аз жүргізуші болған ойыншы жеңіске жетеді.

Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. Өткізер алдында оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру қажет.

 Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Орамал, алаңды белгілеу үшін фишкалар, конустар, бор, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, алаңды белгілеу үшін бор, белбеу.Қазақтың ұлттық ойындары интернет ресурсына сілтеме: http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php«Қазақтың қозғалмалы ойындары» интернет ресурсына сілтеме:https://weburok.com/690785/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8FD1%80%D0%B0%D0%B7%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%BE%D1%82%D0%BA%D0%B0D0%A0%D0%B0%D0%B7%D0%B2/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу