Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 42 сабақ.
Әдістемелік нұсқау
4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты: 6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу
Сабақтың мақсаты: Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтауға және қолдана білуге үйрету.
Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Жаяу тартыс» ойынын өткіземін. Әр команданың ойыншылары кезекпен алаңның ортасына шығады. «Жоғарғы партер» қалпында, қарама-қарсы бағытқа қарап, қарсыластар белбеуді желкесінің үстінен, қолтығының астынан өткізіп киеді немесе белінен өткізеді. Мұғалімнің белгісімен, әр ойынға қатысушы, қарсыласын өзінің жағында алдын-ала белгіленген қашықтыққа тартып алуға тырысады. Тартып алған ойыншы өзінің командасына ұпай әкеледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Берілген ойында мұғалім болуы мүмкін барлық қауіптердіескере отырып, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. Өткізер алдында оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру қажет. Ойын жібінің дұрыс орналастыру қалпына назар аударып, ойын ережесінің сақталуын қадағалау қажет.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.
2 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, «Аларман» ойынын өткіземін. Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Ойынға қатысушылар тізбекке тұрып, олардың әрқайсысы алда тұрған ойыншының белінен ұстайды. Жүргізуші, тізбектің басында тұрғаг ойыншының алдында бетпе-бет тұрады да, мұғалімнің белгісі бойынша тізбектің оң және сол жақтарынан өтіп, тізбектің соңындағы ойыншыға ұстап алып, «дақтауға» тырысады. Егер оның қолынан келсе, тізбектің алдына тұрады, ал ұсталған ойыншы – жүргізуші болады, және ойын осылай жалғасады.
Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. Өткізер алдында оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру қажет.
Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Алаңды белгілеу үшін бор не месе фишкалар, екі ұшы бір-біріне байланған ұзын (7-8м) белбеу немесе қалың жіп.«Қазақтың дәстүрлі ойындары» интернет ресурсына сілтеме:http://silkadv.com/ru/node/2149Қазақтың ұлттық ойындары: 3:00:https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I Ұлттық ойындар жинағы:https://www.youtube.com/watch?v=-nfAMZKUnzU«Қазақтың ұлттық ойындары. Аларман» интернет ресурстарына сілтеме:http://igrushka.kz/vip83/kazigr2.phphttps://www.youtube.com/watch?v=-nfAMZKUnzU
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру