Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 43 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты: 6.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу

Сабақтың мақсаты: Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларын қолдана білуге үйрету.

Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, «Тақия тастамақ» ойынын өткіземін. Ойнаушылар шеңберге тұрады және жүргізушіні таңдайда. Оның қолында тақия болады. Ол келесі сөздерді айтып, балаларды айналады: Асықпай ойынды бастаймыз: шеңбер құрап отырамыз». Осы сөздерден кейін балалар отырады да, жүргізуші жалғастырады: «Жаймен, асықпай сендерді айналамын. Осы кезде тақияны білдіртпей бір ойыншының жанына қоямын. Егер ол байқамаса, тақиямен ұрамын. Сол ойыншыға ойынды жалғастыруға тура келеді». Осы сөздерді айтып, жүргізуші алдымен біреудің артына тақияны білдіртпей еденге қояды. Сөз аяқталғаннан кейін балалар айналасынан қолдарымен тақияны іздейді; тақияны артынан тапқан оқушы жүргізушіні қуып жетіп, басына тақияны кигізеді. Егер ойыншы жүргізушіні қуып жетпесе, онда жүргізуші ойыншыны қуып жетіп, ақырын тақиямен ұруы тиіс. Осылай бір шеңбер айналады. Осыдан кейін келесі жүргізушіні таңдайды.

Берілген ойында мұғалім болуы мүмкін барлық қауіптердіескере отырып, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. Өткізер алдында оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру қажет.

 Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.

 Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен атын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі.

2 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, «Аларман» ойынын өткіземін. Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Ойынға қатысушылар тізбекке тұрып, олардың әрқайсысы алда тұрған ойыншының белінен ұстайды. Жүргізуші, тізбектің басында тұрғаг ойыншының алдында бетпе-бет тұрады да, мұғалімнің белгісі бойынша тізбектің оң және сол жақтарынан өтіп, тізбектің соңындағы ойыншыға ұстап алып, «дақтауға» тырысады. Егер оның қолынан келсе, тізбектің алдына тұрады, ал ұсталған ойыншы – жүргізуші болады, және ойын осылай жалғасады.

Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. Өткізер алдында оқушыларға ойынның ережесін түсіндіру қажет.

Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.Алаңды белгілеу үшін бор немесе фишкалар, тақия.«Қазақтың ұлттық ойындары. Аларман» интернет ресурстарына сілтеме:http://igrushka.kz/vip83/kazigr2.phphttps://www.youtube.com/watch?v=-nfAMZKUnzUҚазақтың ұлттық ойындары интернет ресурсына сілтеме:http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу