Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 86 сабақ.


3 сынып

№7 бөлім:

Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Сабақтың тақырыбы:

Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту

Оқу мақсаты:

3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

3.2.6.6 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау

Сабақ мақсаты:

Өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуде және ұсыныстар айтуда өз білімін пайдалану және тақырыпқа сай композициялық идеялармен эксперимент жасау.

Бағалау критерийлері:

- Өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуде білімін пайдалана алады;

- Басқалардың ұсынысын талдау үшін, алған білімін қолданады;

- Тақырыпқа сай композициялық идеялармен эксперимент жасай алады.

Оқушылар комуникативтік дағдыларды дамыту үшін, қозғалмалы және еріктік қасиеттерін, жеке, жұптық және топтық жаттығулар орындайды. Әртүрлі әлеметтік дағдыларды түсіну үшін, қозғалмалы ойындар, жарыс элеметері бар ойындар ойнап рольдерімен ауысады. Бөлімде оқушыларға топтық қозғалыс белсенділігін дамытуға дамытуға бағытталған.

Бұл бөлімде бағдарлама қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Ойын белсенділігін өз табиғаты, ынтымақтастық және бәсекелестік, жарыстарда ынтымақтастық бойынша, әлеуметтік дағдылардың түрлі аспектілерін дамыту.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Жүру жаттығуларын орындау;

Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;

Жылдамдыққа жүгіру;

Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту»

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, қауіпсіздік ережелерін еске салу. Ойын кезінде, сабақ барысында қауіпсізді сақтап, бір-біріне кедергі жасамай, бірлесе жұмыс жасауды үйрету.

Бүгінгі тақырыпқа сай, оқушыларды шағын топтарға бөліп қимылды ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу.

Сыныпты екі топқа бөліп, осы екі топ қимыл-қозғалыс ойыны ойнап жарысады.

Мұғалім әрекеті: Оқушыларға ойын ережесін, мақсатын түсіндіру.

Оқушы әрекеті: Мұғалімді толық тыңдап, қауіпсіздікті сақтай отырып, тапсырманы мұқият орындау.

Тапсырма №1

«Халық добы» ойыны бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын волейбол алаңында өтіледі. Екі топтын ойыншылары волейбол аланының ішде болады ал топ басшылары аланның сыртында әр топ басшы волейбол добымен қарсылас топтың ойыншыларын дәлдеп тигізу керек, егер допты ойыншылар қағып алса сол доппен қарсылас топтын ойыншыларына тигізу керек. Доп тиген ойыншылар ойыннан шығып топ басшысына көмектеседі, осылайша екі топ ойынды жалғастыра береді. Соңында қай топтың ойыншылары ұтылса, сол топтың басшысы ортаға шығады.

Дискриптор:

Көшбасшылық қабілетін ойын барсында академиялық әділ түрде көрсетеді.

Әр ойын немесе тапсырмадан кейін қорытынды жасап, кері байланыс беріп отыру.

Тапсырма №2

Оқушыларға «Көз жұмбақ» ойынының ережесін түсіндіріп, ойнату. Оқушылар арасынан бір оқушының көзі шүберекпен байланады. Ол оқушының міндеті, қалған оқушыларды залдың ішінде қуып жүру арқылы ұстап алу. Қалған оқушылардың міндеті дыбыс шығармай көз байланған оқушыдан қашу. Егерде бір оқушы ұсталса, сол оқушының көзі байланады. Ойын осылай жалғасады.

Дискриптор:

Қауіпсіздікті сақтап, ережені бұзбай ойнау;

Шығармашылық қабілетін көрсетіп, басқалардың ойын тыңдайды 

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Қозғалыс ойынының дағдыларын игеру.

Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.

Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу