Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 87 сабақ.
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырыбы: Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану
Оқу бағдарламасына сілтеме
2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды
Сабақ мақсаты:
Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.
Бағалау критерийлері:
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Жарыс элементтері бар ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
- Жарыс элементтері бар ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Жарыс элементтері бар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Барлық жарыс элементтері бар ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.
Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.
Сонымен қатар ойыншыны
а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.
Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
Жарыс элементтері бар ойындар
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Тапсырма
(Т, Ж, ҚБ) «Жапалақ және тышқандар». Залдың немесе алаңның бұрышынан диаметрі 1-2 м. дөңгелек сызылады, яғни ол «жапалақтың ұясы» болады. Дөңгелектің қасына отырғыш қойылады. Ойынға қатысушылардың ішінен жүргізуші «жапалақ», ал қалғандары «дала тышқаны» болып бөлінеді. Жапалақ ұясына орналасады, ал тышқандар залдан орын алады. Ойын жүргізуші «Күн» деп айтқанда, барлық «тышқандар» жүгіріп залдын ортасына шығады. Онда жүгіріп, ойнап жүреді. Ал жапалақ ұясында ұйықтап отырады. Жүргізуші «Түн» деп айтқанда, барлық тышқандар өздерінің орындарында жыбырламай үн-түнсіз тұра қалады. Ал, жапалақ болса, оянып жәндіктерді аулауға шығады. Қай тышқан жыбырласа, ол соны ұясына алып кетеді. Ойын жүргізуші «Күн» деп айтқанда жапалақ тышқан аулауды қойып, ұясына қайтады. ¥яға 3-5 тышқан ұсталса, олардан «жапалақ» сайланады. Осылайша бірнеше рет ойын қайталанады.
1. Жапалақ алаңға шыққан уақытта, тышңандарға жыбырлауға, шулауға болмайды, ал шуласа, оны жапалаққа білдірмеуге тиіс.
2. Ұсталган тышқандар отырғыштарда отырады, ойынға қатыспайды, жаңадан жапалақ сайланғаннан кейін ғана ойнайды.
3. Ойын жүргізушіден. «Күн» деген хабар келгенде жапалақ ұясына оралуға тиіс.
«Жаппалақ және тышқандар» ойыны.
Дескриптор:
Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру