Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 86 сабақ.


7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Тақырыбы: Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

Сабақ мақсаты:

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Бағалау критерийлері:

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Жарыс элементтері бар ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;

- Жарыс элементтері бар ойындардың тигізетін әсерін біледі;

- Жарыс элементтері бар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Барлық жарыс элементтері бар ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.

Сонымен қатар ойыншыны

а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.

Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

Жарыс элементтері бар ойындар

Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері

1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.

2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.

3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:

4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;

5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;

6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.

7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек

8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.

Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері

1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.

2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.

Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері

1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта

2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта

3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.

4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.

5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.

 

Тапсырма

(Б) «Доппен үшінші артық». Ойыншылар саны -16 -20 адам. Алаң ортасына диаметрі 12-16 м шеңбер сызылады. Білім алушылар жұптасып бірінің артына бірі шеңбер бойынша орналасады. Жұптар арасындағы арақашықтық 1-2 м. Мұғалім екі жүргізушіні тағайындайды: оның бірі қашады, ал екіншісі қуады, екеуінде де доп болады. Дыбыстық белгі бойынша, қашатын ойыншы аяғымен допты жүргізе отырып, қуғыншыдан барынша алысырақ кетуге тырысады да, кенеттен жұптардың бірінің алдына барып тұра қалады, артта тұрған ойыншы тез допты жылжыта отырып, қашып кетуі керек. Егер артта тұрған ойыншы қуғыншы болып, екіншіні келесі басқа жұптың алдына тұрғанға дейін қуып жете алса, орындарымен ауысады. Ойын ережелері:

1. Ойыншылар жүгіріп бара жатқан кезде басқа ойыншыларға қолын немесе денесінің басқа бөлігін тигізбеу керек.

2. Жұптың артында тұрған ойыншыға, «қашқын» алға тұрып болмайынша, ойынды бастауға болмайды.

3. «Қашқынға» шеңбер ішімен жүгіруге болмайды, керісінше болған жағдайда, ол қуғыншы болады.

«Доппен үшінші артық» ойыны.

Дескриптор:

Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.

Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу