Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 18 сабақ.


3 сынып

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы: Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары:

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;

Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;

Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Қозғалмалы ойындардың қозғалыс дағдылары ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Олар; шапшаңдық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалмалы ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Дене тәрбиесінде қозғалмалы ойындар оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік, жылдамдық қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.

Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары

Тапсырма

«Допты басынан асыра, аяқтың арасынан және аралас түрде беру» ойыны.

Ойыншылардың бірнеше командаға бөлу. Ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Әр ойыншының арақашықтыгы бірімен-біріне қол созым және бірінші, екінші нөмірлерге есептелінеді. Бірінші нөмірлер - бір команда, екінші нөмірлер - екінші команда құрайды. Қатар тұрған екі ойыншыны команда капитандары етіп тағайындап, қолдарына бір-бір доптан береді. Белгі бойынша капитандар допты дөңгелек бойымен, яғни біреуі оңға, екіншісі солға өздерінің ең жакын ойыншысына лактырады. Команда капитанына жеткенше доп айнала дөңгелек бойымен беріледі. Допты жылдам дөңгелек бойымен айналдырған команда жеңімпаз болады. Допты міндетті түрде өзіне ең жақын тұрған кісіге береді. Ойыншы оған бермесе, онда айып ұпай есептеледі. Егер ауада доптар түйісіп қалып жатса, онда ойыншылар допты алып, өз орындарына келіп, ойынды әрі қарай жалгастыруға тиіс. Дөңгелек бойымен допты тез және айып ұпайынсыз әкелген команда жеңімпаз атанады.

Дескриптор:

«Допты басынан асыра, аяқтың арасынан және аралас түрде беру»

Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс

Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу