Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 18 сабақ.


2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар

Тақырыбы: Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

3-сынып

Оқу мақсаты:

3.1.2.2. Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну

3.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау.

Сабақ мақсаты:

Қозғалмалы ойындар кезінде командалық немесе топтық жұмыстың маңызын түсінеді және көшбасшылық дағдылармен жұмыс жасайды.

Бағалау критерийлері:

топта бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады;

қозғалмалы ойындар арқылы негізгі қозғалыс координациялары қалыптастырады;

көшбасшылық дағдыларымен жұмыс жасайды.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Жүру жаттығуларын орындау;

Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;

Жылдамдыққа жүгіру;

Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

Мақсаты: ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсініп, көшбасшылық дағдылары жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі.

«Үшіншісі артық» ойыны

Әзірлік. Ойыншылар үлкен шеңбердің бойына жұптасып тұрады. Яғни, жұптар бір-бірінің алдына қатарласа тұрады. Әр жұптың ара қашықтығы 3-5 метр. Ойын басында бір жұпты таңдап, біреуін «қашқын», біреуін «қуғын» қылып сайлап алады.

Ойынды баяндау. Мұғалімнің «баста» деген командасынан кейін «қашқын» шеңберді айналып қос аяқпен қашады. Ал, «қуғыншы» оны қуады. «Қашқын» шаршаған уақытта шеңбер бойында тұрған жұптың алдына келіп тұра қалса, артыңдағы ойыншы «қашқын» болып қашады. Егерде «қуғыншы» да шаршаса, олда осындай әрекет жасайды. «Қуғыншы» «қашқынды» ұстап алса, керісінше бірін-бірі қуады. Ойын барлық жұп қатысқанша жалғасады.

Ережесі.

1. Белгі берілгенде жүгіреді.

2. Шеңбердің сыртында ойыншылар қос аяқпен жүгіреді

3. Шеңбердің ішінде бір аяқпен секіріп жүгіреді.

Мұғалім әрекеті:

Ойын кезінде оқушыларды бақылап, кемшіліктерді айтады және оқушыларды өз тарапынан бағалайды. Оқушылардың қимыл-қозғалыстарының дағдылануын бағалау, бақылау. Оқушылардың қозғалыс координацияларының жетілуіне мақтау, мадақтау сөздер айтып, қызығушылықтарын ояту мен қатар икемділік, ептілік дағдыларын дамыту.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

(суретегідей жұптарды орналастыру қажет)

Барлық жұптар ойынды жақсы түсініп, ойнағанша ойнатуымыз керек. Оқушылардың ойынды түсініп, жылдамдық, шапшаңдық, икемділік дағдыларының қалыптасуына ықпал жасау. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойын тыңдай білу. Ойынға қорытынды жасау.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Күтілетін нәтиже:

1. Негізгі қозғалыс техникаларын меңгеру;

2. Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

3. Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

4. Қозғалыс ойындарына деген қызығушылықты ояту;

5. Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен бірікен іс-әрекет жасай білу;

6. Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады

Өткізілген сабаққа рефлексия жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу