Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 11 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
3 сынып
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы
қозғалыс әрекеттеріОқу мақсаттары:
3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Эстафета элементтері бар жеңіл атлетиканы түсінеді;
- Жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі;
- Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді. Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншыны.
а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.
Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Тапсырма
Оқушылар екі командаға бөлініп, бір-бірінен арақашықтығы 3 м болатын екі тізбекке тұрады. Оқушылардың алдында сөрелік сызық белгіленеді. Ол жерден 3-4 м қашықтықта «бұлақты» кедергісін білдіретін жалпақтығы 1-1,5м (ұзындыққа секіруге арналған) болатын екі парралелді сызықтар сызылады. Залдың соңында жерден 60 см биіктікте жіп тартылады да, 5 м қашықтықта гимнастикалық орындық қойылады. «Дайындал», «Жүгір!» белгісі бойынша алғашқы оқушылар алға жүгіріп, алдағы «бұлақтан» секіріп өтеді де, керілген жіптің астынан өтіп, гимнастикалық орындықтан секіреді де артқа қарай бір аяқпен секіріп келеді, өзінің тізбегінің соңына тұрады. Допты еденге соғып, оны алдында тұрған корзинаға салып кері жүгіріп қайту. Тапсырманы басқалардан бұрын орындаған команда жеңіске жетеді. Жіптің астынан өткен кезде, жіпті ұстауға тиым салынады. Ол үшін айып ұпайлары жазылады (мысалы: қорытынды нәтижеге 5 секунд қосылады).
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру