Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 10

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім – Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

Оқу мақсаттары

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.

 Сабақ мақсаттары

  • Дене жаттығуларын орындау кезінде эстафеталық қозғалыс элементтерін біледі және ойын кезінде жақсартады.

 Бағалау критерийлері

  • эстафеталық жүгіру техникасын біледі және түсінеді;
  • шапшаң жүгіру техникасын көрсетеді;
  • жаттығуларды жоғарғы деңгейде орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін салыстыра және көрсете алады

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • жүгіру, секіру, лақтыру
  • жүгіру жолы
  • сөре сызығы және мәре

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Осы ойын сізге қандай сауықтыру пайдасын әкелді?
  • Физикалық белсенділік біздің жұмысқа қабілеттілігімізге қалай әсер етеді?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету, іс-әрекетке бағытталған жаттығуларды көрсету.

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар қозғалмалы ойындар мен эстафеталық жаттығулар негізінде дербес және топтық жаттығулар сериясы арқылы өздерінің жүгіру, секіру, лақтыру қабілеттерін, шыдамдылықты дамыту тапсырмаларын және таңғы жаттығуларды зерттеуге және жетілдіруге бағытталған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.

Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.

Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық.

Сабақтың ортасы

25 мин.

Эстафеталық элементтері бар дене жаттығулары

Оқушылар жұптарға бөлінеді. Әрбір жұп жүгіру дағдысын дамытуға арналған бірізді жаттығулар кешенін пысықтайды.

Мысалы:

1. Жүгірудің негізгі кезеңдерін қысқаша шолу (табанды жерге қою, итерілу, жамбасты көтеру, денені еңкейту және жүгіру).

2. 30м тура кесіндіде серпімелі қадаммен жүгіру.

3. Кедергілермен жүгіру техникасын көрсету.

Жұпта ақылдасып, жұмыс жасап болғаннан кейін тең екі топқа бөлініп, құрал-жабдықтармен эстафета ойнату.

  • Белгеленген жерге дейін шығыршықпен кедергілердің арасымен жүгіріп, өз белгілерін айналып келу. Шығыршықты лақтырмай келесі ойыншыға беру.
  • Жеңіл резенке допты (волейбол добы) шығыршықтың көмегімен жерге домалатып, белгіні айналып келу.
  • Үлкен резеңке доптың үстіде секіріп, өз белгілерін айналып келуі қажет.
  • Әр ойыншы колдарына корзина алып, жерде жаткан әр түрлі түсті кагаздардан бір-бір түрінен жинап, белгіні айналып келесі оқушыға кәрзеңкені береді. Барлық ойыншы осылай жинаулары тиіс.

Эстафеталық ойын дискрипторлары:

  • ойын кезінде қауіпсіздікті сақтайды;
  • ережені мұқият тыңдап, тапсырманы дұрыс орындайды;
  • өз командасы үшін жылдап жүгіріп, көшбасшылық танытады

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, бор, «Қозғалмалы ойындар және эстафета элементтері бар жеңіл атлетика» сілтемесі:

:http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Кері байланыс картасын» таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, жеңіл атлетикалық секірулерді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар секіру дағдыларын қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Бақылау;

Ынталандыру мадақтары;

Ауызша сындарлы кері байланыс.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу