Рөлдік сюжеттік қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 1 сынып, қосымша материал.


Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру

1-сынып

1-тоқсан

Бөлім

Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар

Бөлімше

Рөлдік сюжеттік қозғалмалы ойындар.

Оқу мақсаты

1.2.1.1. Қозғалыс қызметіндегі рөлдерді және міндеттерді анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

Ойында белсенді қозғалыс міндеттерін атқарады, қызметтерге қатысады, ойын ережелерінде рольдерді атқарады, ойын шарттарын түсінеді.

Тапсырма

Оқушылар «Түлкі мен тауықтар» ойынын ойнайды.

«Түлкі мен тауықтар» ойыны. Бөлме ортасында рейкаларымен жоғары қаратылған төрт гимнастикалық сәкілер орнатылады, бұл – «тауық бақан». Бір жүргізуші – «түлкі» мен бір – «аңшы» таңдалады. Қалған ойыншылар – «тауықтар». Бөлменің бір бұрышына «іннің» сұлбасы сызылады, оның ішіне «түлкі» кіреді. Екінші бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» «бақанды» айнала жайғасады.

Бірінші белгі бойынша, «тауықтар» біресе «бақанға» қонақтап, біресе жерге түсіп, болмаса, «тауық күркені» айналып жүре бастайды. Екінші келісілген белгі бойынша «түлкі» «тауық күркеге» жақындап, бір аяғымен болса да,жерге тиіп тұрған «тауықты» аулай бастайды. «Түлкі» ұсталған ойыншыны қолынан жетектеп, «ініне» алып келеді. Егер жолында «аңшы» кезіксе, «түлкі» тұтқынын босатып, «ініне» қашады. Қолға түскен «тауық» «күркесіне» оралады да, қалған «тауықтар» «бақаннан» түседі. Егер «аңшы» «түлкіні» ұстап алса, онда жаңа «түлкі» таңдалады. 4-6 рет ойнайды. Бір рет те қолға түспеген ойыншылар жеңіске жетеді. 1 суретті қараңыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ойында белсенді қозғалыс міндеттерін атқарады, қызметтерге қатысады, ойын ережелерінде рольдерді атқарады, ойын шарттарын түсінеді.

Оқушы

-ойынға белсенді қатысады;

-ойын ережелерін, шарттарын біледі;

-рольдерді атқарады (қарқын ала жүгіреді, үйлесімді аяқ, қол қозғалысын) анықтайды;

-тапсырма барысында қатерлерді (үдемелі жүгіруді, мәреден өтуді) анықтайды;

-қатердің алдын алу жолын (жүгіргендегі аяқ, қолдың қозғалысы, арақашықтықты дұрыс жүгіру) айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу