Рөлдік сюжеттік қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

CАБАҚ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рөлдік сюжеттік қозғалмалы ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.4.1. Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді анықтау

 Сабақ мақсаттары

Секіріп қозғалыс ойындары арқылы дағдыларын сабақ барысында стратегия элементтерін пайдалану.

 Бағалау критерийлері

Әділ ойында тактика мен стратегия элементтерінің маңызыдылығын анықтайды сабақ барысында пайдалана алады және түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері).

 Құндылықтарды дамыту

 

 

Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастыру. Жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ұйымдастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, биология (жас өспірімдер физиологиясы).

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бұл бөлім оқушыларға спорт ойындарында қозғалу дағдыларының спектрін доппен ойналатын ойынға қатысу, жұпта және топта жұмыс істеу арқылы дамытуға көмектеседі.

Б = бүкіл сыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 3-10 дана.

Сабақтың ортасы

(Б, Т) «Екі аяз» рөлдік-сюжеттік ойыны. Бөлменің екі жағында екі «қала» сызықпен белгіленеді. Бір «қалада» барлық ойыншылар жиналады. Ойыншылардың арасынан екі оқушы таңдалады да, «жүргізуші – екі Аяз» болады. Олар ойыншыларға қарай бұрылып, былай деп айтады: «Біз – ағайынды қос жаспыз, қос Аяз – ақылды баспыз, Мен – Қызыл Мұрын Аязбын, Мен – Көк Мұрынды Аязбын, жолға шығар қайсың бар, кім батыл, ал, айтыңдар?»

Оқушылар хормен жауап береді: «Біз сендерден қорықпаймыз, біз аязды құрықтаймыз!» Содан соң, бір қаладан екінші қалаға жүгіре бастайды. «Аяздар» оларды ұстай бастайды. Қолға түскендер «мұз болып қатып қалды» деп саналады. Ол ұсталған жерінде қалып, айқара жайылған қолдарымен жүгірушілердің жолын бөгеп тұруы тиіс. Егер «мұз болып қатқандар» көбейіп, жүгіруді қиындатса, ойын тоқтатылады.

Бірде-бір рет «мұз болып қатпағандар» жеңімпаз болып айқындалады.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан қозғалыстарда қандай жетістіктер бар және оны қалай жетілдіруге болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған қозғалыстардағы тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу