Рөлдік сюжеттік қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар Ортақ тақырып: Менің мектебім. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Рөлдік сюжеттік қозғалмалы ойындар. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.1.1. Қозғалыс қызметіндегі рөлдерді және міндеттерді анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдыларын сабақ барысында кеңінен пайдалану. | ||||||
Бағалау критерийлері | Қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдердің маңызыдылығын анықтайды сабақ барысында пайдалана алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері). | ||||||
Құндылықтарды дамыту
| Жүгіру дағдылары жеке және топтық жаттығулар арқылы ойын негізінде байытылады. Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі қозғалысты, жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ойнатылады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану; | ||||||
Бастапқы білім | Оқушыларда үйде ойналатын ойындардың негізінде болатын контексте және 1-сыныптағы қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындау, жүгіру, секіру, лақтыру тәжірибесі болады деп күтіледі. | ||||||
Б = бүкіл сыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері. Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді. | |||||||
Сабақ барысы. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік, жазуға арналған қағаз, қалам, ысқырық. Қозғалмалы ойындарға арналған сілтеме: http://kladraz.ru/igry-dlja-detei/podvizhnye-igry | |||||
Сабақтың ортасы
| (Б) «Түлкі мен тауықтар» ойыны. Бөлме ортасында рейкаларымен жоғары қаратылған төрт гимнастикалық сәкілер орнатылады, бұл – «тауық бақан». Бір жүргізуші – «түлкі» мен бір – «аңшы» таңдалады. Қалған ойыншылар – «тауықтар». Бөлменің бір бұрышына «іннің» сұлбасы сызылады, оның ішіне «түлкі» кіреді. Екінші бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» «бақанды» айнала жайғасады. Бірінші белгі бойынша, «тауықтар» біресе «бақанға» қонақтап, біресе жерге түсіп, болмаса, «тауық күркені» айналып жүре бастайды. Екінші келісілген белгі бойынша «түлкі» «тауық күркеге» жақындап, бір аяғымен болса да,жерге тиіп тұрған «тауықты» аулай бастайды. «Түлкі» ұсталған ойыншыны қолынан жетектеп, «ініне» алып келеді. Егер жолында «аңшы» кезіксе, «түлкі» тұтқынын босатып, «ініне» қашады. Қолға түскен «тауық» «күркесіне» оралады да, қалған «тауықтар» «бақаннан» түседі. Егер «аңшы» «түлкіні» ұстап алса, онда жаңа «түлкі» таңдалады. 4-6 рет ойнайды. Бір рет те қолға түспеген ойыншылар жеңіске жетеді. 1 суретті қараңыз. | Қозғалмалы ойындарға арналған сілтеме: http://kladraz.ru/igry-dlja-detei/podvizhnye-igry | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушалардан қозғалыстарда қандай қателер бар және оны қалай азайтуға болатынын сұрау. Оқушылар таңдаған қозғалыстардағы тірек-қимыл дағдыларын бақылау. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. | Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру