Дәрумендердің табиғи көздері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4. Жасанды және синтетикалық полимерлер. Химия адам өмірінде

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәрумендердің табиғи көздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11.5.1.24 - кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу

 Бағалау критерийлері

  • дәрумендердін табиғи көздерін біледі;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: дәрумен, авитаминоз.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Авитаминоз дегеніміз ........... .

...дәрумені ........... құрамында кездеседі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Бастапқы білім

Органикалық химия.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу.Үй жұмысын тексеру

- Ендеше сабағымызды бастайық! Сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін хабарлаңыз.

Алдыңғы сабақ материалын еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады.

1) Дәрумендер дегеніміз не?

Жауабы: Дәрумендер (витаминдер) – адам ағзасында болатын барлық химиялық реакцияларды катализдейтін ферменттер мен қосылыстардың қызмет етуіне қажетті заттар.

2) Қандай дәрумендерді білесіздер?

3) Дәрумен жетіспеушілігінен туындайтын ауру қалай аталады?

Жаңа сабақ түсіндіру.

Авитаминоз жайлы видео көрсету барысында тамақ рационына қарапайым өзгерістер енгізу арқылы ауруды алдын алуға немесе жойуға болатынын түсіну.

Дәрумендер 2 топқа жіктеледі:

Майда ерігіш дәрумендер: A, D, E, K

Суда ерігіш дәрумендер:

B1, B2, B6, B12, PP, B9, B5, C, H.

Адамдар үшін дәруменнің басты қайнар көзі – тамақ өнімдері.

Дәрумендердің ағзадағы қызметін еске түсіріп, табиғи көздерімен таныстыру:

A дәрумені көздің және оның шырышты қабығының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Ол дұрыс көруді қамтамасыз етеді. Ол ағзаны жұқпалы аурудан қорғайтын табиғи кедергілерді жасауға қатысады. Ағза өсіп келе жатқан кезде, аталған дәрумен тіс эмалінің түзілуі мен тістің түзу өсуіне ат салысады.

A дәруменінің құрылымы

A дәруменінің көзі: теңіз балығы, балық майы, бауыр, жұмыртқа сарыуызы, сарымай, өсімдік майы, өріктер, асқабақ, сәбіз.

D дәрумені сүйектердің минералдық құраушылары кальций және фосфордың игерілуін реттейді. Ол балалар мен ересектерде сүйектің дұрыс түзілуіне, балаларда тістердің қалыптасуына да әсер етеді. D дәрумені ағза тарапынан синтезделе алатын жалғыз дәрумен, ол теріге ультракүлгін жарық әсер еткен кезде жүзеге асады.

D дәруменінің құрылымы

D дәруменінің көзі: теңіз балығы, балық майы, бауыр, жұмыртқа сарыуызы, сарымай, өсімдік майы, қатты ірімшік.

E дәрумені ағзаны зиянды метаболиттердің түзілуінен қорғайды. Ол оттектің жұтылуын жеңілдетеді және бұлшық еттердің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді.

E дәруменінің құрылымы

E дәруменінің көзі: балық майы, сарымай, өсімдік майы, соя ірі бұршақтары, жаңғақ, жұмыртқа сарыуызы, жарма, ұн, жүгері қауызы, сұлы жармасы.

K дәрумені қан тамырларын нығайтады және сүйек ұлпаларының түзілуіне қатысады.

K дәруменінің құрылымы

K дәруменінің көзі: саумалдық, қырыққабат, жарма, сәбіз, қызанақ, асбұршақ, құлпынай, картоп, қатты ірімшік, жұмыртқа сарыуызы, бауыр секілді өнімдерде мол болады.

B1 дәрумені жүйке жүйесінің, жүрек және бұлшық ет қызметін жақсартады. Ол қызыл қан жасушаларының түзілуіне қатысады және жарақаттардың жазылуын тездетеді.

B1 дәруменінің құрылымы

B2 дәрумені көздің көруін жақсартады. Ол ағзадан спирт пен темекі түтінінен болатын зиянды заттарды шығарады және адам терісіне де оң әсер етеді.

B2 витаминінің құрылымы

B2 витаминінің көзі: ашытқы, бауыр, сүт, жұмыртқа, көгөніс.

B6 дәрумені ағзадағы көптеген ақуыздардың синтезделуіне және оларды реттеуге қатысады. Қандағы қызыл және ақ жасушалардың түзілуіне атсалысады. Ол гемоглобиннің синтезделуінде маңызды рөл атқарады. B6 дәрумені сонымен қатар антиденелердің түзілуіне қатысатындықтан, ағзаның аураларға төзімділігін арттырады.

B6 дәруменінің құрылымы

B6 дәруменінің көзі: ашытқы, ет (әсіресе бауыр), көгөністер, ірі бұршақтар, дәнді дақылдар.

B12 дәрумені генетикалық материалдың түзілуіне және қан жасушаларының синтезделуіне қатысады. Бауыр ұлпаларын қорғайды.

B12 дәруменінің құрылымы

B12 дәруменінің көзі: бауыр, ет.

PP дәрумені қан айналу жүйесінің қызметін бақылауға қатысады және теріге оң әсер етеді.

PP дәруменінің құрылымы

PP дәруменінің көзі: бауыр, ет, ашытқы.

B9 дәрумені – ағзадағы жасушаның бөліну процесіндегі маңызды фактор.

B9 дәруменінің құрылымы

B9 дәруменінің көзі: көгөністер, ашытқы, бауыр.

B5 дәрумені гемоглобиннің синтезделуі мен антиденелердің түзілуіне, сонымен қатар тері мен шырышты қабықтағы жасушалардың регенерациясына қатысады.

B5 дәруменінің құрылымы

B5 дәруменінің көзі: жемістер, көкөністер.

C дәрумені ағзадағы тотығу процесінің зиянды химиялық әсерін азайтады. Ол ақуыздардың биосинтезіне қатысады. Және инфекцияға қарсы төзімділікті арттырып, жарақаттардың тез жазылуына септігін тигізеді.

C дәруменінің құрылымы

C дәруменінің көзі: жемістер.

H дәрумені теріні нәрлендіреді, шаштың ағаруы мен түсуінің алдын алады.

H дәруменінің құрылымы

H дәруменінің көзі: ашытқы, бауыр, ми, бүйрек, сүт, жұмыртқаның сарыуызы, мидиялар.

Топтық жұмыс

Постер дайындау

  • 1-топ: Суда еритін дәрумендер
  • 2-топ: Майда еритін дәрумендер

Сұрақтарға жауап беру: Слайд 22-37

https://twig-bilim.kz/kz/film/vitamin-deficiencies

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Сабақтағы қандай сәттер сіз үшін түсінікті өтті?
  • Қандай сәттер қиындық туғызды?

Үй жұмысы:

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!