Көмірсутектер және олардың табиғи көздері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ

Мұғалім:

Химия пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып: 11

Алкендер

Сабақтың тақырыбы

Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Оқыту мақсаттары

11.4.2.21-этанолдан этилен алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;

Сабақтың мақсаты

  • IUPAC номенклатурасы бойынша қосылыстарды атау;
  • Қосылыстың атауы бойынша құрылымдық формуласын құрастыру;
  • Қауіпсіздік техника ережесін сақтай отырып, этенді алу;
  • Оның қасиеттерін зерттеу;
  • Сапалық реакцияларды жазу;
  • Қорытынды қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  • IUPAC номенклатурасы бойынша қосылыстарды атайды;
  • Қосылыстың атауы бойынша құрылымдық формуласын құрастырады;
  • Қауіпсіздік техника ережесін сақтай отырып, этенді алады;
  • Оның қасиеттерін зерттейді;
  • Сапалық реакцияларды жазады;
  • Қорытынды қалыптастырады.

Мектеп құндылықтары

Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіліп барылады. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы:

  • Ашықтық (бағалау, кері байланыс)
  • Адалдық (әрбір оқушы бір-бірін бағалауда адал болуы)
  • Өмір бойы білім алу
  • Құрмет (әр оқушының ойына, пікіріне құрметпен қарауы)

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: алкеннің анықтамасын, құрамын ауызша сипаттайды, жазбаша құрылымдық, молекулалық формулаларын жазады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Алкендер, гомологтық қатар, қос байланыс, изомерлер, дара байланыс, көміртек қанқасы, қанықпаған көмірсутектер

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестері

Алкендер- молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnH2n болатын қанықпаған көмірсутектер.

Алкендерге тән реакциялар:..............

 Алдыңғы білім

8.2A Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстар құрылымы

10.3А Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар:

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1-2 минут

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығы тексеріледі және позитивті атмосфера қалыптастырылады.

Мақсат қою

3-8 минут

Жеке жұмыс. Оқушыларға таратпа қағазда тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар қосылыстардың IUPAC номенклатурасына сәйкес аттарын жазады.

Қосымша №1

Білімнің өзектілігі

9-12 минут

Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Оқушылар сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені талқылайды.

Презентация

Жаңа сабақты игеру

13-17 минут

18-38 минут

Алкендердің физикалық, химиялық қасиеттерін «Bilimland.kz» сайтынан көрсетіледі:

  • Алкендердің физикалық қасиеттері (0:40)
  • Алкендердің сумен және күкірт қышқылымен реакциясы. Судың алкендерге қосылуы (0:52)
  • Видео көрсетіліп болғаннан кейін сыныппен талқыланылады, сұрақтар қойылады.

Практикалық жұмыс №2 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу»

Сынып 3 топқа бөлінеді.

  • Топтық жұмыс;
  • Оқушыларға тәжірибе нұсқаулығы таратылады;
  • Қауіпсіздік техника ережесіне қол қояды;
  • Мұғалім оқушылардың жасаған жұмыстарын сырттай бақылап жүреді, қажет болғанда ұсыныстар айтады;
  • Оқушылар өздерінің жұмыстарына қорытынды жасайды және де дәптерлеріне жазады.
  • Тапсырманы 20 минутта орындап болған соң, бағалау үшін жинастырып алынады.

Мақсатқа оралу. Сабақтың қорытындысы.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/alkender-zhane-alkadiender-izomeriyasy-fizikalyq-qasietteri-alynuy-zhane-qoldanyluy

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/alkenderding-ximiyalyq-qasietteri-markovnikov-erezhesi

Қосымша №2

Рефлексия

39 минут

Сабақта түсінікті болды ……………………….

Маған түсініксіз болды ………………………..

Немен жұмыс жасау керек ……………………

Үй тапсырмасы

40 минут

«Көмірсутектер және олардың табиғи көздері. Алкендер» тақырыбын оқып, қайталау.

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍