Хроматография. Зертханалық жұмыс № 7 «Қағаз хроматографиясы». Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Хроматография.

Зертханалық жұмыс № 7

«Қағаз хроматографиясы»

Оқу мақсаттары

Қағаз хроматографиясы бойынша бөліну принциптерін сипаттау және бөлініп шыққан компонеттің Rf қозғалғыш факторын есептеу

Органикалық қосылыстарды бөлу үшін хроматография әдісі жиі қолданылады.

Бұл әдісті 1906 жылы орыс ғалымы М.С. Цвет ашқан.

Хроматография әдісі заттардың адсорбциялану қабілетіне негізделген.

Хроматография - қоспадағы компоненттерді бөлу және анықтау әдістемесі.

Құрамдас бөліктер екі фазаға: әр түрлі стационар фазаға және қозғалатын фазаға ие.

Қозғалатын фазаға күшті тартылыстары бар компонент тез қозғалады, ал қозғалмайтын фазаға күшті тартылыстары бар компонент баяу қозғалады.

ХРОМАТОГРАФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Қағаз хроматографиясы

Жұқа қабатты хроматография (TLC)

Бағанды хроматография

Газ-сұйықтық хроматография (GLC)

Газды хроматография- Масс спектроскопиясы (GCMS)

Жоғары эффективті сұйықтық хроматография (HPLC)

ҚАҒАЗ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ

Негізінен целлюлозадан жасалған қағаз.

Гидроксид топтарына байланысты полюсті

«Құрғақ» қағаз шын мәнінде ~ 10% су (H-OH-ға байланыстырылған топтар)

Қағазбен байланысқан полюсті су = қозғалмайтын фаза

Қосылған еріткіш (элюент) = қозғалатын фаза

ЦЕЛЛЮЛОЗА

ҚАҒАЗ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ

Зерттелетін ерітіндіні хроматографиялық қағазға тамызады, органикалық еріткіші бар тиісті камераға салып хроматограмма түзілетіндей белгілі уақыт ұстайды да шығарып алып өңдейді. Хроматографиялық қағаздың жылжымалы еріткішпен жанасу процесінде қағазға тамызылған талданатын компоненттер жылжымалы фазаға өтеді және таралу коэфициенттіне байланысты әр түрлі жылдамдықпен қағаздың капиллярлары арқылы қозғалады да, олар бөлінеді.

Түсті компоненттерді көруге / өлшеуге болады.

Көрінбейтін компоненттер үшін ультракүлгін сәуле (йод немесе нингидридті) қолданылады.

ҚАҒАЗ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ

ҚАҒАЗ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ

Rf шама зерттелетін заттың жүрген жолының, еріткіш фронты өткен жолының қатынасына тең.

Rf = х/хf Мұндағы х – компонент зонасының ығысуы;

хf - еріткіш фронтының ығысуы.

Rf мәндерін есептеңіз.

.

Зерханалық жұмыс №7

«Қағаз хроматографиясы»

Мақсаты: Қағаз хроматографиясы бойынша бөліну принциптерін сипаттау және бөлініп шыққан компонеттің Rf қозғалғыш факторын есептеу

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

1. Этанол

2. Маркерлар

3. Хроматография қағазы немесе фильтр қағазы

4. Химимляқ стақан

5. Карандаш және сызғыш

Жұмыс барысы

a) Стақанға сиятындай хроматография немесе фильтр қағазын тік төртбұрыш ретінде қиыңыз.

b) 1 см биіктікте карандашпен сызғыш арқылы көлденеңнен сызық сызыңыз.

c) Сызылған сызыққа тигізбей 1 см жоғарыдан әртүрлі маркерлермен нүкте белгілерін белгілеңіз.

d) Сызылған сызық көлемінде этанол ерітіндісін құйыңыз.

e) Стақаның бетін жауып тыныштыққа қойыңыз.

f) Қағаз бетінен этанол сұйықтығының қозғалғанын байқаңыз.

g) Белгіленген маркер түстерінің этанол сұйықтығымен қозғалғанын байқаңыз.

h) Маркердің шекті қозғалғанын (компонент зонасының ығысуы) анықтаңыз.

i) Қағаз бетінде маркердің шегіне жетіп қозғалғанына (компонент зонасының ығысуы) көзіңіз жеткенен кейін жұмысты тоқтатыңыз.

Тапсырманың жауабы:

1. Пентаналь.

Себебі пентаналь пентанол-1-ге қарағанда полярлығы төмен, сондықтан ол кремний диоксидіне емес, элюентке көбірек тартылады.

2) а = 0,24, В = 0,71

б) А = фениламин - сутегі байланыстарын қалыптастырады және полярлы стационарлық фазаға көбірек тартылады,

B = тетрахлорометан - полярлы емес, сондықтан полярлы емес еріткіш гексанға көбірек тартылады

 

3) а) 5, морфин,

б) баған бойымен жылжуына көп уақыт кетеді, себебі қоспадағы басқа заттарға қарағанда тасымалдаушы газға қарағанда стационар фазаға көбірек тартылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?