![]() |
|
![]() |
Хроматография. Зертханалық жұмыс № 7 «Қағаз хроматографиясы». Химия, 10 сынып, қосымша материал.
Оқушы аты-жөні: …… … … … … … … … … … … … … … … Сынып: … … … … …
Лабораториялық жұмыс : Қағаз хроматография
Мақсаты: Қағаз хроматографиясы бойынша бөліну принциптерін сипаттау және бөлініп шыққан компонеттің Rf қозғалғыш факторын есептеу
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
1. Этанол
2. Маркерлар
3. Хроматография қағазы немесе фильтр қағазы
4. Химимляқ стақан
5. Карандаш және сызғыш
Жұмыс барысы
a) Стақанға сиятындай хроматография немесе фильтр қағазын тік төртбұрыш ретінде қиыңыз.
b) 1 см биіктікте карандашпен сызғыш арқылы көлденеңнен сызық сызыңыз.
c) Сызылған сызыққа тигізбей 1 см жоғарыдан әртүрлі маркерлермен нүкте белгілерін белгілеңіз.
d) Сызылған сызық көлемінде этанол ерітіндісін құйыңыз.
e) Стақаның бетін жауып тыныштыққа қойыңыз.
f) Қағаз бетінен этанол сұйықтығының қозғалғанын байқаңыз.
g) Белгіленген маркер түстерінің этанол сұйықтығымен қозғалғанын байқаңыз.
h) Маркердің шекті қозғалғанын (компонент зонасының ығысуы) анықтаңыз.
i) Қағаз бетінде маркердің шегіне жетіп қозғалғанына (компонент зонасының ығысуы) көзіңіз жеткенен кейін жұмысты тоқтатыңыз.
ЕСЕПТЕУЛЕР:
1. Әр еріген заттың белгілі бір элюент үшін тұрақты қозғалғыштық факторы (Rf) болады.
Rf = х/хf
Мұндағы х – компонент зонасының ығысуы;
хf - еріткіш фронтының ығысуы.
2. Тәжірибенің артықшылығы мен кемшілігі
3. Жақсарту жолы.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру