Ковалентті байланыс . Оның қасиеті Ковалентті байланыс түзілуінің донорлы - акцепторлы механизмі Демонстрация №2 «Алмас, графит, су, көмірқышқыл газының моделін құрастыру. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Химия» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Шадкам Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ковалентті байланыс . Оның қасиеті

Ковалентті байланыс түзілуінің донорлы - акцепторлы механизмі

Демонстрация №2 «Алмас, графит, су, көмірқышқыл газының моделін құрастыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.1 ковалентті байланыс және донорлы-акцепторлы байланыс түзілуі мен механизмін түсіндіру,

10.1.4.2 ковалентті байланыс қасиетін сипаттау,;

10.1.4.3 H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын салу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар ортақ жұп электрон арқылы түзілетін химиялық байланыс түрлерін біледі, оның түзілу механизмін және ковалентті байланысты сипаттайды. Льюис диаграммасын кейбір молекулар үшін көрсетеді.

 Бағалау критерийлері

Кем дегенде берілген қосылыстардан төрт қосылысты айқыштар мен нүктелер арқылы көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Молекуладағы ковалентті байланысты нүктеле мен айқыштар арқылы көрсетеді, датив байланысты сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

ковалентті, делокальданған, кристалл тор, макромолекулалы, гомоядролы, семиполярлы, үйлестіру, молекулааралық, диполь, электртерістілік, электроң, қозған, валенттілік, түзу,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Х қосылысы құрамында ..... байланыс болады.

Датив байланысы х ............ және У ............. түзіледі.

 Құндылықтарды

  дарыту

Ынтымақтастық пен жұмыс жасау және өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика

 АКТ қолдану

Оқушылар тиісті ресурстармен жұмыстанады.

Бастапқы білім

Атомның құрылысы туралы барлық тақырыптар қаралады, соның ішінде:

Электрондардың атомдағы қозғалысы (8.2A)

Формулалар және химиялық теңдеулер(8.3A)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау. оларға периодтық жүйедегі элементтер туралы не білетінін сұрау. Оқушыларды жұпқа бөліп тапсырма беру: әр топ периодтық жүйедегі бір топ элементтерінің сыртқы қабат электрондарына сипаттама береді.

Неліктен 8 топ элементтері инертті деп аталады?

Оқушылардың жауабын тыңдау. Осыдан неліктен элементтер әртүрлі күрделі заттар түзеді деп сабақтың тақырыбы ашылады.

Периодтық жүйе

Сабақтың ортасы

6-15

16-24

25-35

35-53 мин

54-64 мин

65- 77 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады, оқушылар бүгінгі сабақта не істеу керек екенін біледі.

Оқушыларға атомдардың сыртқы қабатта сегіз электронның болуы үшін химиялық байланыс түзілетінін түсіндіру. Тақтаға мысалдар жазып түсіндіру.

Олардың сабақ басында периодтық жүйедегі сипаттаған топ бойынша бір атомды таңдап осы атом қалай 8 электрон құрылысына қол жеткізетінін сұрау.

Оқушылар өз жұптарымен осы тапсырманы орындайды, тақтаға кейбір элементтер өзгерісі түсіндіреді. оқушылардан әртүрлі атомдардың қанша электрондар бере немесе тартып алатындығын біледі.

(Бейне ролик көрсетуге болады. )

Оқушылар мысалдан электрондардың жоғалатынын және электрондарды қосып алатындығын көреді. Оларға оның әдетте ең көбі үш электрондармен шектелетіндігін түсіндіру. Осы элементтердің периодты кестеде орналасуы мен қасиетін қарастыру. Оқушылардан электрондарды жоғалту немесе қосып алуы қандай салдарға алып келетінін сұрап, оқушыларға айқыш түрінде ақ шағын тақтаға иондарды бейнелеу тапсырмасын беріледі.

«Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы идеясын арқылы хлор мен натрий үшін аталған диаграмманы оқушылар салады және тапсырмаларды біртіңдеп күрделендіре отырып, өз мысалдарын келтіруді сұрау.

(I) Электрондарды біріктіруге ауысыңыз: оның сыртқықабаттың тұрақтылығына қалай әсер ететінін, бірақ заряд бөліміне әсер етпейтіндігін түсіндіріп коваленттік байланысты көрсету үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын қалай пайдалану керектігін түсіндіру. Оқушылар бірнеше мысал көреді және орындайды.

Оқушылар байланыс есселігін түсінеді. Енді оқушыларға донорлы-акцепторлы байланыс мәнін түсіндіріледі.

Оларға байланыс қалай түзілетінін түсіндіріп нүктеле мен айқыштар арқылы байланысты қалай көрсетуге болатыны және Оқушылар ұқсас байланыстарды орындайды. Қышқылдардың сулы ерітіндіде оксоний ионды түзу донорлы-акцепторлы байланыс екенін сызба бойынша көрсетеді. Оқушылар ковалентті байланыс түрін біледі., қасиеттерін атайды : байланыс ұзындығы, полюстігі, еселілігі бойынша жұмыстанады, өздерінің анықтамаларын біледі.

Оқушылар кейбір заттардың : алмас, графит, су, көмірқышқыл газының шар-стерженді модельдерін жасайды;

Олар жазба жұмыс орындайды. Мұғалімге тапсырады.

http://www.chemguide.co.uk/atoms/bonding/covalent.html#top

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_gateway_pre_2011/periodictable/covalentbondingrev1.shtml

Молекула модельдерінің топтамасы

https://www.youtube.com/watch?v=OTgpN62ou24

Сабақтың соңы

78-80 мин

  • Рефлексия : оқушылар өздерінің ойларын берілген бетшеге жазады.

Бүгінгі тақырыпты жақсы түсіндім, білдім.

Бүгінгі тақырыпты түсіндім әліде сұрағым бар

Түсінбедім, ...... бойынша жұмыстануым керек.

- Үй тапсырма : оқулық бойынша тақырыпты оқу, осы байланыс түрлері бойынша кем дегенде үш молекулал формуласын «Нүктелер мен айқыштар» арқылы көрсету.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмалар әр түрлі деңгейде. Оңай орташа және қиын түрде берілген. Оқушылар тапсырмаларды орындаса есептер шығаруға мүмкіндігі бар.

Оқушылар мақсатқа сай байланыстың полюстілігіне анықтама беруді бастайды; оларға мына молекулаларды ұсыну қажет : Cl2, H2S, N2, H2O. HCl, NH3

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?