Күкірт қышқылы және оның тұздары. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 9.3А Күкірт қосылыстары | Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Күкірт қышқылы және оның тұздары | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.1.14 – күкірт қышқылы ерітіндісінің және оның тұздарының физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: - техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту ережелерін біледі; - күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтайды; Көпшілігі: Күкіртті қышқыл мен күкірт қышқылы тұздарын сапалық реакция көмегі арқылы ажыратады; Кейбір оқушылар: Практикалық жұмыс дағдыларын жетік меңгереді, күкірт қышқылын өндірудің маңыздылығын сипаттайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтай алады; - техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту принциптерін біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жаһандық азаматтық: Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу. Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу. Салауатты өмір салтын ұстану. Қарым-қатынас: - топтық жұмыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин 4-7 мин 8-14 мин 15 – 23 24 - 34 мин 35 - 37 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабақтың тақырыбы мен қол жеткізілетін мақсаттар таныстырылады. Кім жылдам 1. Төменде берілген заттардың қайсысы қышқылдарға жатады: H2SiO3, NaOH, HCl, H2O, CO2, BaCl2, H2SO4 «Қышқылдар» ұғымына анықтама беріңіз. 2. Қышқыл формуласы мен атауын сәйкестендіріңіз:
3. Берілген қатардан артығын көрсетіңіз. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз: а.NaOH, KOH, HCl; b. H2SO4, HCl, H2SiO3; c. HNO3, H2CO3, H2SO4. 4. Төменде берілген заттардың қайсысымен тұз қышқылы ерітіндісі әрекеттеседі: Cu, KOH, CO2, Zn, CuO, AgNO3 Күкірт қышқылын алудың өндірістік әдісі мен лабораторияда алу жағдайлары видео-роликте көрсетіледі. Оқушылар дәптерлеріне реакция теңдеулерін жазып отырады. Видео-роликке сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі. бағалайды. Мұғалім түсіндірмесі Слайдпен жұмыс. Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиетін оқушыларға түсіндіру. Практикалық жұмыс: «Күкірт қышқылы тұздарына сапалық талдау» Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Техника қауіпсіздік ережесін оқушылармен бірлесе талқылап, оқушылар топ бойынша зерттеу жүргізеді. Жұмыс барысы:
Нәтижесі:
Қорытынды: Сульфатты басқа тұздардан қалай ажыратуға болады? Тиісті реакция теңдеулерін молекулалық, толық, қысқарған иондық теңдеу түрінде жазыңыз. Топ мүшелері бір – бірін бағалау критерийлеріне сай бағалайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс парағын мұғалім жинап алады. Оқушыларға сұрақ: Күкірт қышқылы қайда қолданылады? (Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушылардың пікірін тыңдау барысында сөздерін бөлмей тыңдап, қорытынды шығару маңызды). | Қосымша 1 https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/kukirt-qyshqyly-zhane-onyng-tuzdary Жұмыс парағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үй жұмысы: Күкірт қышқылы өндірісінің пайдасы мен зияны жөнінде эссе жазу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?