Күкірт, күкірт оксиді мен күкірт қышқылы және оның тұздары, қасиеттері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша материалдар
Қышқыл жаңбырлар
Қышқыл жаңбыр — ол күкірт оксидінің және азот оксидтерінің атмосферада болуының нәтижесі.Күкірт оксиді ауаға құрамында күкірті бар қазба отын түрлерін жағу барысында таралады. Пайдаланылатын отын түрлерінің ішінде күкірт оксидін таратудан бірінші орынды тас көмір алады,екінші орынды-мұнай,ал табиғи газ үшінші орында тұр.Атмосфераға азот оксидтерінің көп таралуы отынның барлық үш түрінің өте жоғары температурада жануымен байланысты.
Күкірт диоксиді және азот оксиді атмосферадан химиялық реакцияға тез түседі.Күкірт диоксиді,кейін су тамшыларында еріп,күкірт қышқылы түзілетін үш оксидіне дейін тотығады.Азот оксиді де су тамшыларында еріп,азот қышқылы түзілетін азот оксидіне дейін тотығады.Осы екі қышқыл,сондай-ақ бұл қышқылдардың тұздары қышқыл жаңбырдың жаууына себепші болады.Ауада бұл қышқылдардың мөлшері неғұрлым көп болса,қышқыл жаңбыр соғұрлым жиі жауады.
Күкірт және азот қышқылдары қышқыл жаңбырға әртүрлі үлес қосады.Мысалы,Калифорнияда қышқыл жаңбырдың басым бөлігі сульфадтар болса,АҚШ-тың солтүстік – шығысында жаңбырдың шамамен 15-30 проценті қышқылдығы нитраттар болып табылады.
Жаңбыр суын таза су деп айтуға болмайды;ол атмосфераның табиғи құраушысы — көміртек диоксидімен бірге жүреді де,оны еріткенде,суда әлсіз көмір қышқылы түзіледі.
Қышқыл жаңбыр суы қышқыл көлдердегі балықтардың популяциясына айтарлықтай әсер етеді. Судың қышқылдығына байланысты көлдегі балық саны кемуі немесе мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.
Қышқыл жаңбырдың әсерінен балық саны азайған көп жерлерде қалың қар басқан өте суық қыс байқалған.
Төңіректегі қар еріген кезде қышқыл су көлдерге құйылады да,олардың қышқылдығы күрт көтеріледі. Қар жамылғысы еруі мен қышқылдықтың күрт өсуі балықтардың уылдырық шашу уақытына сай келеді.Сонымен,шашылған уылдырық қышқыл суға түседі,бұл жыл бойы байқалады.Балық санының қысқаруына байланысты балықпен қоректенетін жануарлардың саны да азаяды деп болжауға болады.
Ғалымдар қышқыл жаңбырдың әсерінен бақа,құрбақа және тритондар саны да кемиді деп болжайды.Бұл түрлердің көпшілігі көктемгі жаңбыр кезінде пайда болатын уақытша су қоймаларында көбейеді; ондағы сулардың көлдердегі суға қарағанда қышқылдығы көп болуы мүмкін,өйткені,бұл уақытша су қоймалары қышқылдығы жоғары жаңбыр суынан пайда болған.Бұл түрлердің саны ересек даралардың жаппай қырылуынан емес,жас даралар популяцияны толтырмауынан азайып, жойылады.
Қышқыл жаңбырлар жануарларға ғана емес,сонымен бірге өсімдіктерге де кері әсерін тигізуде.
Ғалымдар әзірше қышқыл жаңбырдың адам денсаулығына тікелей әсерін байқаған жоқ,бірақ мұның салдары әлбетте бар.Бұл мүмкіндік қышқыл судың жоғары ерітушілік және басқа да жолмен әртүрлі минералдарға әсер ету қасиетіне байланысты.
Қышқыл жаңбырлар құрылыс ерітінділері мен тасты да осы материалдың құрамына кіретін кальциймен және магниймен әрекеттесіп, бүлдіреді. Орнынан келтірілмейтін мүсіндерге де аса қауіп төнеді.Темірден және басқа металдардан жасалған құрылыстарда қышқыл жаңбыр әсерінен болатын жемірілуге төзімсіз.
Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8.....10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады, топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді.Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің құруына әкеледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?