Биологиялық бақылау жүйесі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Оң кері байланыс
Оң кері байланыс биологиялық жүйелерде сирек кездеседі, себебі ол жүйелерді тұрақсыздыққа және төтенше жағдайларға (экстремальды) әкеледі. Бұл жағдайларда пайда болған қарсылық (возмущение) оның әсерін одан әрі дамытады (1.1 сурет). Мысалы, жүйке импульстарының таралу кезінде нейрон мембранасының деполяризациясы натрий иондарының өткізгіштігін арттырады. Аксон арқылы мембранаға өтіп, натрий иондары деполяризацияны арттырады, ал бұл арқылы өзінің жасушаға мембрана арқылы өтуі артады. Бұл өту жылдамдығы қарқынды артады, нәтижесінде әрекет потенциалы жинақталады. Бұл аталған жағдайда оң кері байланыс жүйенің жауап беруін (деполяризациясын) арттыруға қызмет жасайды. Бұл жауаптың мөлшерін басқа механизмдер шектеп отырады. Оң кері байланыс дүниеге бала әкелуде де жұмыс жасайды, окситоцин гормоны жатырдың жиырылуын арттырады, ал мұның өзі гормонның жаңа порцияларының бөлінуін жылдамдатады.
1.1 сурет. Гомеостатикалық басқару жүйесі
Оң кері байланыс кезінде реттелетін параметрдің бастапқы деңгейден шағын ауытқуы реттеуіштің осы ауытқуды одан әрі күшейтуге (белгілі бір шекке дейін) бағытталған әрекетін туғызады. Нәтижесінде өздігінен күшейетін, секіру тәрізді үдеріс дамиды. Оң кері байланыс ағзадағы қандай да бір жылдам және күшті өзгеріске қол жеткізу қажет болғанда іске қосылады. Мысалы, жүйке жүйесінің белсенділігін арттыратын адреналин шығару, бұл осы гормонның одан көп секрециясына алып келеді. Осылай оң кері байланыс шеңбері тұйықталады, нәтижесінде қандағы адреналин құрамы күрт көтеріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру