Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


 

Оқушы аты - жөні

Сынып

 

 Зертханалық жұмыс

 Тақырыбы: Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері.

 

 Неліктен жасушалар кіші өлшемді? Неліктен олардың өсуі нақты бір өлшемге жеткенде тоқтайды? Беттік ауданның көлемге қатынасы көптеген сіңіру және диффузия сияқты құбылыстарды маңызды рөл атқарады.

 Беттік ауданның көлемге қатынасын анықтау:

 Беттік аудан = ұзындық х ен х жақтар (беттер) саны (количество сторон)

 Көлем = ұзындық х ен х биіктік

 Бұл экспериментте сіздер агар блоктардағы заттардың диффузиясын көресіздер. Эксперимент беттік ауданның көлеммен байланысын және олардың диффузия жылдамдығына әсерін көрсетеді.

  •  Мақсат: беттік аудан мен көлем арасындағы байланысты және оның диффузия жылдамдығына әсерін көрсету.
  •  Гипотеза: ___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 

  •  Материалдар және құрал - жабдықтар:

 қорғаныш көзлідірік

 резеңке қолғап

 1 стакан, 250 мл

 1 миллиметр сызғыш

 1 пластик стақан

 1 пластик пышақ

 Қағаз салфеткалар

 2,25 л 0,1% НСl

 1,5 л фенолфталеин агар

 

  •  Жұмыс барысы
  •  Пластик пышақты қолдана отырып, үш кубик кесіңіз, өлшемдері: 3 см, 2 см және 1 см
  •   Кубиктерді стақанға салып, кубиктер батып тұратындай 0,1% НСl қосыңыз. Уақытты белгілеңіз. 10 минут сайын кубиктерді айналдырып тұру үшін пластик касықтарды қолданыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ: НСl тітіркендіргіш және киімді бүлдіруі мүмкін. Тері/көзге тигізуді болдырмау, дәмін татпау. Денеге тиген болса, тез арада ағынды сумен 15 минут бойы жуу.

  •  Нәтижелерді енгізу үшін кестені сызыңыз. Беттік ауданның көлемге қатынасы келесі формула бойынша есептеледі:

 Беттік ауданның көлемге қатынасы = беттік аудан /көлем

  •  Қолғапты киіңіз және пластик қасықты қолданып стақаннан кубиктерді алыңыз. Сүзгіш қағазда кептіріңіз. Кубиктер кепкенше қойып қойыңыз. Әр кубикті екіге бөліп, өз байқағандарыңызды жазыңыз. Әр 3 кубик үшін НСl диффузия деңгейін өлшеңіз.

 

  •  Берілген және нәтижелер

А = куб өлшемдері

(см)

Беттік аудан (см2)

2

А3 = көлем (см3)

Беттік аданның/көлемге қатынасы

3 см

2 см

1 см

0,01 см

 

 Қатынасты беттік аудан/көлем ретінде жазуға болады. Қатынас қарапайым формада жазылуы керек (мысалы 3:1 немесе 24:8)

  •  Нәтижелерді талдау және талқылау
  •  Агар кубиктерін өлшемдерінің азаюы бойынша орналастырыңыз. Оларды беттік ауданның көлемге қатынасының азаюы бойынша орналастырыңыз. Куб өлшемдері мен беттік ауданның көлемге қатынасы арасында қандай байланыс бар?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  •  Қайсы кубтың беттік ауданы үлкен: беткі жағы 3 см немесе өлшемі пияз жасушасында микроскопиялық өлшемге ие куб пе? Қайсысының беттік ауданның көлемге қатынасы үлкен?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  •  НСl – дың агар диффузияланғанына не дәлел болады? Барлық кубиктер үшін диффузия жылдамдығы бірдей болғанына не дәлел болады? Түсіндіріңіз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  •  Өлшемдер өскен сайын беттік ауданның көлемге қатынасы қалай өзгерді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  •  Қорытынды
  •  Көптеген жасушалары мен микроағзалардың өлшемдері 0,01 см – ден кіші. Диффузия жылдамдығы мен жасуша өлшемдері арасында қандай байланыс бар?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  •  Неліктен үлкен өлшемді ағзалар үлкен өлшемді аз жасушалардың орнына көп жасушаларға ие екенін түсіндіріңіз

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу