Өсімдіктің өсуі мен дамуын реттеушілер. Биология, 9 сынып, презентация.
ӨСІМДІКТІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫН РЕТТЕУШІЛЕР
Сабақ тақырыбы:
Оқу мақсаты:Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау
Қисық өсіп тұрған бөлме өсімдігін қалай түзетуге болады?
4
Түн
Бидай колеоптилийлеріне жүргізілген зерттеулер(Ч. Дарвин зерттеулері)
Өңделмеген бақылау
жарық
Ұшы алынып тасталған
Жарық өткізбейтін қалпақша
Қара ұсақ құм
Өсімдіктің өсу процестерін арнаулы заттардың әсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді ретттеуші заттар деп аталады.
Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер,этилен, абсциз қышқылы (абк) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды.
Бұл ерекше заттар өте аз мөлшерде өсімдікте түзіліп, оның дамуын, өсуін, тыныштық күйден шығуын (ауксин, цитокинин,гиббериллин) ынталандыратын заттар, жемістердің пісіп жетілуі (этилен) немесе өркендердің ұзарып өсуін тежейді. (абсциз қышқылы).
Өсімдіктегі реттеуші заттар — өсімдіктерде өз бойында табиғи жолмен түзіліп, басқарушы қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық заттар.
ТОПТАРЫАУКСИН
ГИББЕРЕЛЛИН стимуляторлар
ЦИТОКИНИН
АБСЦИЗ ингибиторлар
ЭТИЛЕН
А У К С И Н ( грек. auxo — ұлғаямын, өсемін)
Ауксиндердің түзілуі меристемалық жасушаларда жүзеге асады .
Жасушаның өсуіне созылу фазасында әсер етеді. Камбий жасушаларының өсуін стимулдайды. Әдетте жасуша мөлшерінің ұлғаюы мен дифференцировкасы ауксинге байланысты.
Өсімдік организмінің өсуші бөліктері, сабақтың ұшы, жас өсуші жапырақ, бүршіктер, өнген тұқымдарда, тозаңдар ауксинге бай келеді.
Өсімдіктердің жеміс, өркендерінің өсуінің стимуляторлары.
Ауксин типті негізгі гормонға β-индолилсірке қышқылы (ИСК) жатады. β-индолилсірке қышқылының (ИУК) түзілуіне триптофан аминоқышқылы әсер етеді .
Ауксиндердің физиологиялық әсер ету көрсеткіштері
Жасушалардың созылу фазасында олардың өсуіне ауксиндер әсер етеді.
Жасушалардың дифференциациясы бағытында ауксиндер өзгерістерді қамтамассыз етеді .
Ауксиндер ксилема жасушаларының дифференциациясы, тамырдың тармақтарының тарамдалуына әсер етеді.
Ауксиндер өскіннің өнуі мен жемістің қалыптасуын жүзеге асырады.
Ауксиндер су мен қоректік заттардың ағып келуін реттейді.
Гетероауксин немесе
индолил-3- сірке қышқылы (ИСҚ)
Лимонның өркендерінің тамырлануына ауксиннің әсері .
Қиын тамырланатын өсімдіктер: алмұрт, қара өрік, шабдалы, қылқан жапырақтылар, раушангүлдердің тамырлануы үшін ауксин қолданылады.
Ауксин фототропизм мен геотропизмге қатысады
Не себепті сабақтарға теріс геотропизм тән бола жоғары
өседі, ал тамырларға оң геотропизм тән –төмен өседі?
Себебі: Ауксин мөлшерінің көбеюі өркеннің өсуін
ынталандырады, ал тамырдың өсуін тежейді.
Ауксин концентрациясы
жеделдету
тежелу
жарық
Жарық түскен бөлігі
Жарық түспеген бөлігі
ГИББЕРИЛЛИН
Гибберил қышқылы (ГК)- гиббереллиннің көп тараған түрі.
Жапырақ- гибберилиндердің негізгі түзілетін орны.
Гиббберилиндердің түзілуі мевалон қышқылы гераниолға одан кауренге одан гибберел қышқылына түрленуінен түзіледі.
Гиббереллиндердің физиологиялық әсер ету көрсеткіштері
Әртүрлі өсімдіктердің ергежейлі формалы сабақтарының тез өсуін гиббереллиндер күшейтеді.
Көпшілік қалыпты өскен өсімдіктердің сабақтарының созылып өсуін гиббериллиндер күшейтеді.
Гиббереллиндер ауксиндер тәрізді өсу гормондарына жатады .
Жемістердің қалыптасуы мен өскіннің өнуіне гиббереллиндер қатысады.
Фотосинтетикалық фосфорлану процесіне гиббериллиндер әсер етеді.
Гиббереллиннің қышаға әсері .
Сол жақта – гибберилинсіз өсірілген қыша өсімдігі.
ЦИТОКИНИНДЕР жасушалардың бөлінуіне себепші боладыБүршіктер мен тұқымдарды тыныштық күйден шығарады.
Жемістердің пісіп жетілуіне әсер етеді.
Жапырақтардың қартаю процесін тежейді.
Жасыл көкөністердің ( орамжапырақ, салат т.б) және жаңа кесілген гүлдердің сақталу мерзімін жоғарлату мақсатында қолданылады.
АБСЦИЗ ҚЫШҚЫЛЫ
Абсцизиндердің ерекшеліктері
Басқа фитогормондарға кері әсер етеді.
Ауксиндерден айырмашылығы жапырақтар мен жемістердің түсуін тездетеді.
Гиббериллиндерден айырмашылығы өсуді тежеп, қысқы тыныштық күйге енуді қамтамасыз етеді
Цитокининдерге қарсы әрекеті абсцизиндер жасушалардың қартаюын күшейтеді.
Жапырақтарда түсер алдында абсциз қышқылы көп жинақталады.
Абсциз қышқылының синтезделетін негізгі орны –жапырақтар.
Көпшілік жағдайда хлоропластарда жинақталады.
Абсциз қышқылы бүршіктерден, құрғақ тұқымдардан, картоп түйнегінен табылған.
Абсциз қышқылын стресс гормоны деп атайды.
Абсциз қышқылының мөлшері бүршіктерде тыныштық күйге енер кезде көбейеді, ал көктемде бүршікте мөлшері азаяды.
.
АБСЦИЗ ҚЫШҚЫЛЫ
ЭТИЛЕН C2H4
Өсімдіктердің қартаюы
Жемістердің пісуі
Жапырақтардың түсуі
Өсу процесін тежейді
Көптеген шырынды жемістер
( апельсин, банандар) этиленді сыртқа бөледі.
Жемістің пісіп жетілуін ынталандырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру