Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Жыл мезгіліне байланысты органикалық заттардың флоэмадағы транслокациясының өзгеруі
Флоэма — фотосинтез өнімін өсімдік бөліктеріне (жерасты бөліктері, өсу конустары) немесе қор жинауға (жемістер, тұқымдар) тасымалдайтын тамырлы өсімдіктердің өткізгіш ұлпасы. Көптеген өсімдіктер сабағында флоэма салыстырмалы түрде ксилемадан кейін орналасқан, жапырақта – жапырақ тақтасындағы жүйкесінің төменгі жағында, тамырдағы өткізгіш шоғында флоэма мен ксилема түтіктері кезектесе орналасқан. Флоэма түзілуі үшке бөлінеді: біріншілік, прокамбийден дифференциацияланған және камбийден дифференциацияланған.
Сүзгілі түтік – жапырақтан тамырға дейін төмен қарай органикалық заттардың ағымын қамтамасыз ететін өсімдіктің өткізгіш жүйесі. Барлық түтік тірі ұзын жасушалардан тұрады, осы жасушалардың бір-біріне жалғасқан бөлігінде сүзгіш тақшалар орналасқан. Гүлді өсімдіктердің негізгі түтік жасушаларының жанында қосымша серіктес-жасушалар болады. Олар сүзгілі түтіктің қызметіне қажетті ферменттерді бөледі және сүзгілі түтікке өткізеді.
Күзде сүзгілі түтік тесіктері каллозамен* бітеледі де, көктем маусымында ериді. Ксилемаға қарағанда флоэма көбірек улы заттармен зақымдалады. Өсімдіктегі қысқы тыныштық күйі немесе жазғы құрғақшылық анабиозға* байланысты флоэмамен органикалық заттардың тасымалының барынша азаюына әкеледі.
Каллоза* - суда ерімейтін полисахарид, құрамы глюкоза қалдығынан тұрады, глюкоза молекулалары оралма тізбекте байланысқан (целлюлозадан айырмашылығы глюкоза молекулалары түзу тізбекте байланысқан).
Анабиоз* - (гр. anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік әрекетінің уақытша жойылып немесе мүлдем әлсіреп кетуі, қолайлы жағдай болғанда қайта қалпына келуі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру