Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2А Дәрежелер

мен түбірлер. Дәрежелік функция

Мектеп: Ақтау қаласындағы

химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Бектеміс Бірғаным Ізтаңатқызы

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.4.1.13 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • бүтін көрсеткішті дәрежелік функцияның графигін салады және оның қасиеттерін сипаттай алады;
  • n-ші дәрежелі түбір ұғымын біледі және оны есептей алады;
  • n-ші дәрежелі арифметикалық түбір ұғымы мен оның қасиеттерін біледі;
  • n-ші дәрежелі түбірмен берілген санды өрнектің мәнін есептей алады;
  • n-ші дәрежелі түбірмен берілген алгебралық өрнектерді түрлендіре алады;

Бағалау критерийлері

  • Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін қолданып біледі
  • -Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін қолданып шектелген фигураның ауданын табуды біледі.

Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • бүтін көрсеткішті дәрежелік функция;
  • бүтін көрсеткішті дәрежелік функцияның графигі;
  • кубтық түбір;
  • үшінші дәрежелі түбір және т.б , n-ші дәрежелі түбір;
  • санның тақ дәрежелі түбірі;
  • санның жұп дәрежелі түбірі;
  • теріс емес санның натурал көрсеткішті (n≥2) арифметикалық түбірі;
  • n-ші дәрежелі түбірден шығару;
  • рационал көрсеткішті дәреже;

рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ... саны ... санының ... түбірі болады, себебі ...;
  • ... саны ... санының ... дәрежелі арифметикалық түбірі болады, себебі ...;
  • ... санның ... дәрежелі арифметикалық түбірі болмайды, себебі ...;
  • арифметикалық түбірдің қасиеттері бойынша ... өрнектің ... үшін мағынасы бар;

- бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу үшін

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық анализ. Оқушылар математикалық анализ бойынша интегралдау түрімен танысады.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация арқылы сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлерін көрсету, https://www.math10.com/ru/vysshaya-matematika/integrirovanie-diferencirovanie.html сайтын қолдану.

Бастапқы білім

Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамаларын, дәреженің қасиеттерін білу; дәреженің мәнін есептеу дағдысы, санды санның квадраты түрінде жаза алу; функцияның графигін салу дағдысы; рационал сандар тізбегін жалғастыра, құрастыра алу;алғашқы функция ұғымымен танысу; аудан есептеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  • Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. Сыныпты өз қалауларымен бес жұпқа бөлемін.

2. Бірінші және екінші слайдқа байланысты оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қоя отырып сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтау.

1 – 3 слайд

Сабақтың ортасы

Ұ

10 минут

ЖЖ

5 минут

Ж

12 минут

ЖЖ

7 минут

  • Білу және түсіну

Оқушыларға нақты дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы туралы түсінік беру үшін, олар функцияның туындысын тауып және оған кері алғашқы функциясының формуласын қорытып шығарады.Мұғалім сабақ барысында оқушыларға бағыи бағдар беріп түсінік қалыптастырады.

Дәрежелік функцияны күрделендіру арқылы оқушылар осы функцияны интегралдауды өздері қорытып шығартады.

Бағалау критерийі:

-функцияның туындысын табады;

-функцияның туындысын табу арқылы нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін түсінеді және кері дәлелдейді;

2.Қолдану

Жеке жұмыс

Оқушылар өз түсінгенін практикалық түрде қолдануына бағыт беру үшін слайдта арнайы есеп көрсетіледі. Оқушылар есепті шығару арқылы тақырыпты практикалық түрде қолдануды үйренеді. Сонымен қатар есепті шығару барысында мұғалім оқушыларға бағыт бағдар беріп отырады.

Дискрептор:

- нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табады;

- нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын тауып кері дәлелдейді;

-дәрежелік функцияның күрделі түрінің мәнін анықтайды;

Жұптық жұмыс

Оқушыларға өз түсінігін нақтылау үшін жұптық жұмысқа есептер беріледі. Оқушылар есепті жұп болып жұмыс жасау арқылы бір бірімен түсінік алмасып, бір-бірін бағалау арқылы өз түсініктерін нақтылайды. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға кері байланыс беріп отырады.

Дискрептор:

-функцияның нүктедегі туындысын есептейді;

- нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін қолданып анықталған интегралды шешеді;

Деңгейлік тапсырмалар:

Мұғалім оқушыларға деңгей бойынша тапсырмалар таратып береді. Оқушылар өз деңгйін бағалау арқылы мақсатқа қаншалықты қол жеткенін бағалайды.

4-6 слайд

https://sabaqtar.kz/matem/12309-naty-krsetksht-drezhelk-funkciyany-differencialdau-zhne-integraldau.html

7-8 слайд

9-10 слайд

11-12 слайд

Қосымша 1

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

3 минут

  • Рефлекция:

Мен не үйрендім?

Не білдім?

Неден қиналдым?

Неге назар аудару керек?

2. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

3. Үйге тапсырма: слайдта көрсетілген есептер

Алгебра және анализ бастамалары11 сынып, А.Әбілқасымова,

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты біроқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін

.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу