Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10-11 сынып Алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау (13 с) | Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.1.9 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану; 11.3.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережелерін білу және қолдану; | |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын, интегралын табу ережелерін біледі және қолданады Кейбір оқушылар: нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын, интегралын табу ережелерін қолданып қиындық деңгейі жоғары есептерді шығара алады | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу үшін .... F(x)=... функциясы ... функция үшін алғашқы функция болады; - оқылуы: «a дан b-ға дейінгі интеграл икс-тен эф дэ икс»; - анықталмаған интегралды табу үшін... керек; - интеграл астындағы функцияны ...теңбе-тең түрлендіреміз; - ... интеграл таңбасы алдына шығаруға болады; -... интегралды интегралдардың қосындысы ретінде көрсету; - қисық сызықты трапеция ауданын табу үшін ... ; - айналу денесінің көлемін табу үшін ... | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://learningapps.org; презентация | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тұрақты санның және дәрежелік, тригонометриялық туындысын, дифференциалдау ережелерін білу; функцияны зерттеуде және графигін салуда туындыны қолданады. Алғашқы функцияны, анықталмаған және анықталған интегралды табады. Анықталған интегралды қолданып, қисық сызықты трапеция ауданын және айналу денесінің көлемін есептейді. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Сабақтың басы
| Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Сабақтың мақсатын анықтау |
| ||||||
Сабақтың ортасы 7 минут | ТЖ Топтарға сілтеме ұсынылады https://interneturok.ru/lesson/algebra/ Мақсаты: нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын, интегралын табу ережелерін қайталау; 1, 3-топ нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу 2, 4- топ нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» топтардың бірін бірі бағалауы | |||||||
7 минут | Жеке жұмыс Мақсаты: нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын, интегралын табу қолдана білу Оқушылар өздігінен орындайды. Бағалау: Тақтадағы жауап парағымен оқушы өзін-өзі бағалайды. Әр есеп 1 балл | Слайд 4-5 | ||||||
15 минут | Жеке жұмыс( Саралау) Оқушылар өз қалауларымен кез-келген 3-тапсырма орындайды Бағалау: Балл бойынша мұғалімнің бағалауы | Слайд 6 Қосымша 1 | ||||||
5 минут | Өздік жұмыс Мақсаты: Оқушы білімін қорытындылау 1-нұсқа https://learningapps.org/5447802 дұрыс жауап жаз 2-нұсқа https://learningapps.org/7627183 ақиқат немесе жалған Бағалау: өзін-өзі бағалау (Бағдарлама бойынша) | |||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия - нені ең жақсы жасай алдым? - қандай бағытта немесе жұмыс жасауым керек? | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелген. Салалау ─күлделендіру арқылы жүзеге асады, оқушылар тапсырманы өз мүмкіндігіне, қиындық деңгейіне, балына сәйкес өзі таңдайды. | Сабақта оқушылардың өзара және өзіндік бағалау жүргізіледі. Мұғалім де кері байланыс береді. | Сынып бөлмесі желдетіледі. Сабақ барысында іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру