Бір айнымалысы бар көпмүшелердің бас коэффиценті, дәрежесі және бос мүшесі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
10.3А Көпмүшелер | Мектеп: ФМБ НЗМ Алматы қаласы | ||||||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: Азатбек А. | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | бір айнымалысы бар көпмүшелердің бас коэффиценті, дәрежесі және бос мүшесі | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 10.2.1.4 бір айнымалысы бар көпмүшелердің бас коэффицентін, дәрежесін және бос мүшесін көрсете алады. | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушы: Алгебралық өрнектерден бір айнымалылы көпмүшені таба білу, көпмүшені стандарт түрге келтіруге үйрету, бір айнымалысы бар көпмүшені каноникалық түрде жазу, мысалдар құрастыруға дағдылану. | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы: - көпмүшені станларт түрге келтіре алады; - көпмүшенің бас коэффицентін, дәрежесін және бос мүшесін анықтайды, | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар топпен талқылауға қатысып, ұсынылған идеяларды негіздеу үшін математикалық тілді пайдаланып, зейінмен тыңдайды және жетекшілікке еріп отырады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Бірмүше, көпмүше, айнымалы, каноникалық, симметриялы, біртекті Диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер: көпмүшенің каноникалық түрі, бірнеше айнымалысы бар көпмүше, бір айнымалылы көпмүше, симметриялы көпмүше, біртекті көпмүше, тең көпмүшелер
| ||||||||||
Құндылықтарды тәрбиелеу | Сабақта бір-бірін құрметтеуге, топтық жұмыста белсенділік танытуға, танымдық және зерттеушілік қасиеттерін дамыту. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Бұл тақырыпты оқу келешекте физика, сызу және емтихан тапсыруда қажет. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, интерактивті тақтаны қолдану | ||||||||||
Алдын-ала білімдері | Бірмүшелер | ||||||||||
Сабақтың келісілген кестесі | Жоспарланған іс-шаралар (төменде берілген ескертпелерді өз жоспарланған іс-шаралрмен алмастырыңыз) | Ресурстар |
5 мин | Ұйымдастыру бөлімі Оқушылар сабақтан не күтетінін стикерге жазып, тақтаға қалдырады. Сабақ соңында өз жазуларына оралады. Оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сай жетістік критерилерін анықтау. | |
5 мин 5 мин 10 мин | Анықтамаларды келтіріп шығару Мұғалім тақтадан алгебралық өрнектерді көрсетеді, олар: бір және бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және мүлдем көпмүше болып табылмайтын өрнектер. Тапсырма №1(презентация, слаид 4) Төменде берілген әрбір функцияны көпмүше болса '˅', болмаса '˟' деп белгілеңіз. 1. (1 + )x – x2 2. 3. 4. 5. (x2 – 6x + 5)(x5 + 3x4 – 2x3 + x2 – x - 7)3 6. x100 – 2x51 7. x(x3 – a3) + ax(x2 – a2) + a3(x - a) 8. 3x +86x – 5 9. log5(x2 – 3x + 2) + x2 – 9x 10. 2x2 + 3xy -5y2 11. 6xyz – 9z3 + y2 Келесі сұрақтар бойынша мұғалім оқушылармен диалог жүргізіп, білімдерін жаңғыртады: Көпмүше деп нені айтамыз? Көпмүшенің ұқсас мүшелері және оларды жинақтау дегеніміз не? Көпмүше дәрежесі деп нені айтамыз? Дәреже рационал сан бола ма? Үлкен коэффициенті деген не? Көпмүшелерге қандай амал қолданылады деп ойлайсыздар? Көпмүшенің анықтамасын беру үшін: бірнеше бірмүшеден тұрады, қосу және азайту амалдарымен берілген деген сөздерді тақтаға жазып қойып, оқушылардан толық анықтама қандай деп сұрау, талдау. Көпмүшенің канондық түрде жазылуын айту. Көпмүшенің дәрежесі, коэфициенттері, бос мүшесі, мүшелері терминдерін анықтап алу. (презентация, слаид 5) Анықтама:X нақты айнымалысы бар n - ші дәрежелі көпмүше деп, төмендегі формуламен берілетін кез келген P функциясын айтамыз: P(x)=anxn+an-1xn-1+…+a1x1+a0 мұндағы an, an-1,…, a1, a0 ∈ R коэффициенттер, n≠0 және n∈N.. болуы керек. – көпмүшенің үлкен мүшесі деп, n – көпмүшенің дәрежесі деп, ал – бос мүшесі деп аталады. (презентация, слаид 6) Келесі түрдегі тапсырмаларды сыныппен орындау. Тапсырма№2 Көпмүшенің дәрежесі мен коэффициенттерін жазыңыз. Бас коэфициенттен бастаңыз. Көпмүшенің коэффициенттерінің қосындысын табыңыз. Q(x) = 2x3 -x+4 F(x) = 2x4+5x2-1 | |
10 мин | Қалыптастырушы бағалау 1-ҚОСЫМША | Таратпа материалдар |
3 мин | Рефлексия: Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін пайыз арқылы көрсету тапсырылады | стикерлер |
2 мин | Үй жұмысы 2-ҚОСЫМША | Таратпа материалдар |
Қосымша ақпарат | ||
Қорытынды баға Қандай екі зат өте жақсы өтті (оқуда және оқу барысында)? 1: 2: Қандай заттар сабақты жақсартар еді (оқуда және оқу барысында)? 1: 2: Осы сабақта сынып пен оқушылар туралы мен не білдім, келесі сабақта маған не көмектеседі? | ||
ҮЙ ЖҰМЫСЫ
2-ҚОСЫМША
Төмендегі кқпмүшелерді стандарт түрге келтіріп, бас коэффицентін, дәрежесін және бос мүшесін анықтаңыздар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру