Бірлескен оқиғаларды қосу ережелері. Алгебра, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Оқушының жұмыс парағы № 2.
Бірлескен оқиғаларды қосу ережелері.
- Сабақ мақсаттары:
- бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды;
- есеп шығару барысында, бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын қолданады;
Бағалау критерийі :
Оқушылар
- бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды;
- есеп шығару барысында, бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын қолданады;
Тапсырмалар
Тапсырма 1
Бірінші және екінші қарудың оқтарының нысанаға тиу ықтималдылығы :p1 = 0,7; p2 = 0,8. Кемінде бір қарудың бірінші атудан нысанаға тигізу ықтималдылығын табыңыз.
Жауабы:0,94.
Тапсырма 2
Қар жауу ықтималдылығы (A оқиғасы) 0.6 тең, ал жаңбыр жауу ықтималдылығы (B оқиғасы) 0.45 тең. Жағымсыз ауа райы болу ықтималдылығы,егер жаңбырлы қар жауса (AB оқиғасы) 0,25.
Жауабы:0,8
Тапсырма 3
Балықшы екі қармақпен балық аулап жатыр. Бірінші қармаққа балықтың түсу ықтималдылығы 0,7 тең, екінші қармаққа түсу ықтималдылығы - 0,8 тең. Бірінші немесе екінші қармақпен балық аулап алу ықтималдылығын табыңыз.
Жауабы: 0,94
Тапсырма 4
36 картадан тұратын ойын картасынан тұз немесе валет шығу ықтималдылығын табыңыз.
Жауабы:
Тапсырма 5
Фирма ұжымының ішінде 28% ағылшын тілін меңгерген, 30% – неміс тілін, 42% – француз тілін; ағылшын және неміс тілін меңгерген – 8%, ағылшын және француз тілін меңгерген– 10%, неміс және француз тілін меңгерген– 5%, үш тілді де меңгерген– 3%. Ұжымнан кез-келген бір таңдалған әріптестің : а) ағылшын және неміс тілін меңгерген; б) үш тілді де меңгерген ; в) ешқандай тілді меңгермеген ықтималдылығын табыңыз.
а) P(AB)=P(A)+P(B) P(AB)=0,28+0,30,08=0,5;
б) P(ABC)=P(A)+P(B)+P(C)(P(AB)+P(AC)+P(BC))+P(ABC)=0,28+0,3+0,42
(0,08+0,1+0,05)+0,03=0,8;
в) 1P(ABC)=0,2.
Тапсырма 6
Ойын сүйегін лақтырғанда, үстіңгі жағында жұп немесе үшке еселі санның түсу ықтималдығын табыңыз.
Жауабы:
Үй жұмысы
1. Мекемелер екі параметр бойынша техникалық қауіпсіздікке тексеріледі. Бірінші параметр бойынша 25 мекеменің 8 сәйкес келмейді,екінші параметр бойынша 6 мекеме, екі параметр бойынша 3мекеме сәйкес келмейді. Таңдалынған кез-келген бір мекеменің стандартқа сәйкес келмеу ықтималдылығын
Жауабы:
Бағалау критерилері | Дескрипторлар | |||||
|
| |||||
2 |
| |||||
3 |
| |||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру