Бірлескен оқиғаларды қосу ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ № : | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: Мұғалімі: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Сабақ тақырыбы: Бірлескен оқиғаларды қосу ережелері. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізетін, сабақ мақсаттары: (оқу жоспарына сілтеме) | 10.2.1.3 Ықтималдықтың қосу және көбейту заңдарын түсіну және қолдану. * P(A +B) = P(A)+P(B)–P(A ∙ B); | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар ықтималдықтың қосу заңдылығын бірлескен оқиғалар үшін тұжырымдайды және есеп шығару барысында қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушылар
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар ықтималдықтың қосу заңдылығын дәлелдейді; Есептің шығарылу жолын түсіндіреді; Пәндік лексика және терминология - ықтималдық; - үйлесімсіз оқиғалар; - қарама-қарсы оқиғалар. Диалогқа пайдалы сөзтіркестер - үйлесімсіз оқиғалар дегеніміз....; - Екі үйлесімсіз оқиғалардың бірінің пайда болу ықтималдық соммасы тең ... | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара жақсы қарым-қатынас қалыптастыру, сыйластық, жауапкершілік, тәрбиелі және саналы азамат қалыптастыру, 21-ғасырға сай коммуникативтілік, белсенділік шеберліктерін арттыру; | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқиғалар түрін білу, класикалық ықтималдықтарды анықтау, класикалық ықтиалдыққа есептер шығару, бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар. Мұғалімнің комментариясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) | Салемдесу. Келмеген оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсатты құру кезеңі. (2 мин) | Оқушылармен сұхбат жүргізу. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сабақтың тақырыбын тұжырымдайды және бағалау критерилерин құрады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды меңгеру кезеңі (7 мин) | «Ықтималдылықтың қосу ережесі жайында мен не білемін»? Мұғалім оқушыға екі минут ойлануға уақыт береді. Келесі екі минут ішінде оқушылар сұраққа жауап береді. Ықтималдықтарды қосу теоремасы. Екі үйлесімсіз оқиғаның біреуінің көріну ықтималдығы осы оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысына тең. P(A+B)=P(A)+P(B) Ықтималдықтарды көбейту теоремасы. Екі үйлесімді оқиғаның ең болмаса біреуінің көріну ықтималдығы тең осы ықтималдықтардың қосындысынан олардың ықтималдықтарының үйлесімді көрінуін шегергеніне тең: P(A+B)=P(A)+P(B)-P(AB). А1, А2,…Аn оқиғалар, толық топты құрайды А1+А2+…+Аn –нақты оқиғалар және Р(А1+А2+…+Аn)=1.Бұл оқиғалар үйлесімсіз болғандықтан, оларға ықтималдылықтың қосу заңдылығын қолданамыз: Қарама-қарсы оқиғалардың ықтималдылық қосындысы 1 тең. Оқушылар мұғаліммен бірге екі бірлескен оқиғалар үшін ықтималдылықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды, 6-слайд. Екі бірлескен оқиғаның кемінде біреуінің болу ықтималдылығы, осы оқиғалардың бірлесусіз көріністегі ықтималдылықтарының қосындысына тең. Р(А+В)=Р(А)+Р(В) – Р(АВ) Р(А+В+С)=Р(А)+Р(В)+Р(С) – Р(АВ) – Р(ВС) – Р(АС)+Р(АВС) Мұғалім түсінуге сұрақтар қояды:
|
Диалог арқылы сабақ мақсатын,бастапқы материалды түсінуін бағалау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Алғашқы алған білімдерін меңгеру кезеңі. ( 10 мин) | Жұптық жұмыс. Оқушыларға тапсырмаларды орындау ұсынылады,шешімдерін жұппен талқылап. Есептердің шешімін бағалау критерилері арқылы презентацияда берілген дескрипторлармен тексереміз. 1. Бірінші және екінші қарудың оқтарының нысанаға тиу ықтималдылығы :p1 = 0,7; p2 = 0,8. Кемінде бір қарудың бірінші атудан нысанаға тигізу ықтималдылығын табыңыз. Жауабы:0,94. 2. Қар жауу ықтималдылығы (A оқиғасы) 0.6 тең, ал жаңбыр жауу ықтималдылығы (B оқиғасы) 0.45 тең. Жағымсыз ауа райы болу ықтималдылығы,егер жаңбырлы қар жауса (AB оқиғасы) 0,25. Жауабы:0,8
| (Бірлесіп шешетін тапсырмалар жинағы). | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Физминутка (1 мин) | Оқушылар көзге арналған жаттығулар жасайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Алған білімдерін бекіту кезеңі. (17 мин) | «Уақытша дос» жаттығуы. Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушыларға жұппен отырып бір-бір есептен шығаруды ұсынады. Мұғалім оқушымен бірге есеп шығаруға кететін уақытты анықтайды(3 – 5минут). Оқушылар бір-бірлерінің есептерін алмасып, тексереді. Шешімдерде келіспеушіліктер болып жатса, топпен ортаға салып қарастырылады. 1. Балықшы екі қармақпен балық аулап жатыр. Бірінші қармаққа балықтың түсу ықтималдылығы 0,7 тең, екінші қармаққа түсу ықтималдылығы - 0,8 тең. Бірінші немесе екінші қармақпен балық аулап алу ықтималдылығын табыңыз. Жауабы: 0,94 2. 36 картадан тұратын ойын картасынан тұз немесе валет шығу ықтималдылығын табыңыз. Жауабы: 3. Фирма ұжымының ішінде 28% ағылшын тілін меңгерген, 30% – неміс тілін, 42% – француз тілін; ағылшын және неміс тілін меңгерген – 8%, ағылшын және француз тілін меңгерген– 10%, неміс және француз тілін меңгерген– 5%, үш тілді де меңгерген– 3%. Ұжымнан кез-келген бір таңдалған әріптестің : а) ағылшын және неміс тілін меңгерген; б) үш тілді де меңгерген ; в) ешқандай тілді меңгермеген ықтималдылығын табыңыз. а) P(AB)=P(A)+P(B) P(AB)=0,28+0,30,08=0,5; б) P(ABC)=P(A)+P(B)+P(C)(P(AB)+P(AC)+P(BC))+P(ABC)=0,28+0,3+0,42 (0,08+0,1+0,05)+0,03=0,8; в) 1P(ABC)=0,2. 4. Ойын сүйегін лақтырғанда, үстіңгі жағында жұп немесе үшке еселі санның түсу ықтималдығын табыңыз. Жауабы: | Бағалау мұғалімнің қадағалауы бойынша жүргізіледі. Бағалау критерилері бойынша оқушылардың өзара бағалануы жүргізіледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақты қорытындылау кезеңі. Рефлексия. 2 минут | Мұғалім сабақ мақсаттарына және бағалау критерилерине оралады.
Оқушылар рефлексия сұрақтарына жауап береді:
Үй жұмысы 1. Мекемелер екі параметр бойынша техникалық қауіпсіздікке тексеріледі. Бірінші параметр бойынша 25 мекеменің 8 сәйкес келмейді,екінші параметр бойынша 6 мекеме, екі параметр бойынша 3мекеме сәйкес келмейді. Таңдалынған кез-келген бір мекеменің стандартқа сәйкес келмеу ықтималдылығын Жауабы: | Оқушының жұмыс парағы № 3. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз қалай қолдау көрсетесіз? Дарынды оқушыларға қандай тапсырмаларды беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация жеңіл тапсырмадан қиын тапсырмаға көшумен және білім өзектілігі арқылы дарынды оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуімен жүзеге асады. Оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай нәтижелер шығарады. | Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Топтық жұмыстағы бағалау. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру