Бернулли схемасы. Бернулли формуласы. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2C бөлім: Комбинаторика және ықтималдық

Мектеп:

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бернулли схемасы. Бернулли формуласы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.7 Бернулли схемасы мен Бернулли формуласын қолдану шарттарын білу;

10.3.2.8 Бернулли формуласы мен оның салдарын есеп шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары

  • Бернулли схемасын қолдану шарттарымен танысу
  • Бернулли формуласын есеп шығаруда білу және қолдану

Жетістік критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

Бернулли сынақтарының схемасын іске асыру шарттарын біледі.

Бернулли формуласын біледі.

Бернулли формуласын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тәуелсіз сынақтар, Бернулли сынағы, Бернулли схемасы , кері оқиғалар, оқиғаның орындалу ықтималдығы. Тақырыпты жақсы түсіну және математикалық тілді дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпартты тауып қорытынды жасай алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Комбинаториканың қолдануы химия және биология білім салаларында кездеседі.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Ықтималдықтың классикалық анықтамасы, ықтималдықтарды косу және көбейту теоремалары.

Ход урока

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ

басы

3 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- Терминология

Презентация

1-2 Слайд

5 мин

5 мин

7 мин

10 мин

15 мин

II. Қайталау.

Оқушыларға биномы жіктелуінің (k+1) –нші мүшесін анықтау формуласын еске түсіру ұсынылады.

Оқушылар берілген арқылы -ті анықтап табуды жұппен талқылайды және жазады.

III. Жаңа тақырыпты игеру.

А) Мұғалім 6-ыншы слайдтағы тапсырманы талқылауды және сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады:

0,2 – оқиғаның орындалу ықтималдығы және ол белгілі, 6 – тәуелсіз сынақтар саны, 2 ұтысты билеті – табылуы керек орындалу ықтималдығы.

Мұғалім оқушыларды Бернулли схемасымен таныстырады және берілген тапсырмада қолдануға ұсынады.

В) Бернулли схемасын тексеру

Оқушыларға жұппен талқылайтын және сұлба орындалатын жерге + белгісін қоятын тапсырмалар жиынтығы ұсынылады.

Мұғалім жұппен жұмысты бақылайды, оқушылар талқылайды, өз ойларын айтады. Мұғалім сабақ барысын әр тапсырмада Бернулли сұлбасының орындалғанына көңіл бөледі.

1) Өткізілетін сынақтар тәуелсіз;

2) Әр сынақтың екі нәтижесі бар;

3) Оқиғаның Орындалу ықтималдығы әр сынақта тұрақты және Р-ға тең.

(тек 2 мен 3-нші тапсырмалар Бернулли сұлбасын қанағаттандырады)

Мұғалім оқушылардың шарттағы «артық емес», «кем емес» шарттарын айқындайды.

С) Бернулли формуласы

«дәл...» жағдайлары үшін Бернулли формуласымен танысу.

Мұғалім формуланың дұрыс оқылуына және белгілердің дұрыс жазылуына мән береді:

p - сынақтағы А оқиғасының

орындалу ықтималдығы,

Р- тізбектес сынақтардың ішінен ізделінді оқиғаның бірнеше рет орындалуының ықтималдығы

Мұғалім оқушыларға 2-нші тапсырманың шешуін формуламен қалай жазуға болатындығын талқылауды және өз нұсқаларын айтуды ұсынады:

Мұғалім оқушыларға өз бетінше q-дің мәнін табуға көмектеседі.

Онда: - кері оқиғаның ықтималдығы

3-нші тапсырманың шешімі:

IV. Тренировочные упражнения.

Мұғалім оқушыларды топқа бөлінуді ұсынады, әр топқа үш тапсырмадан құралған таратпа материал беріледі. Бірақ топ осы үшеудің тек біреуін шығарады, кімде бірдей тапсырма болса, жауабы мен шешімдерін салыстырады, мүмкін қателіктерді анықтайды. Жұптық жұмыс барысында мұғалім қай жұп тақтада шығаратынын анықтайды. Оқушылар қалған екі тапсырманы көшіреді, шешіміне өз ойларын айтады. Мұғалім сандарды жуықтап дөңгелектеу ережесін естеріне салады.

Жауаптары: 1) ; 2) ; 3)

V. Қорытынды.

Мұғалім 11-нші слайдтағы формуладан Бернулли схемасын қанағаттандыратын шарттарды атауды және бос жерді толықтыруды ұсынады.

Үйде өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар.

1. Тиынды 5 рет лақтырды. 1 рет елтаңба жағы түсу ықтималдығы?

2. Тиынды бірінші тәжірибе 4 рет лақтырады, екінші тәжірибеде - 6 рет. Қайсысының ықтималдығы үлкен: бірінші тәжірибеде екі рет «сан» жағының түсуі немесе екінші тәжірибеде 3 рет «сан» жағының түсуі.

3. Мергеннің нысанаға тигізуінің ықтималдығы 0,7. 5 тәуелсіз оқ атылады. Нысанада екі тесіктің болуы ықтималдығы қандай?

Презентация

3-5 Слайд

6 Слайд

7 Слайд

Қосымша 1

8-10 Слайд

Қосымша 2

Слайд 11

Сабақтың соңы

5 мин

Сабық соңында оқушылар рефлекция жүргізеді:

- Мен үйрендім?

- Менің білігім келетінім?

- Нені жақсартуым керек?

12 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Рефлексия по уроку

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Общая оценка

Какие два аспекта урока прошли хорошо (подумайте как о преподавании, так и об обучении)?

1:

2:

Что могло бы способствовать улучшению урока (подумайте как о преподавании, так и об обучении)?

1:

Что я выявил(а) за время урока о классе или достижениях/трудностях отдельных учеников, на что необходимо обратить внимание на последующих уроках?

Қосымша 1

  • Сыныпта 20 қыз және 10 ер бала оқиды. Сабаққа 4 қыз және 3 ер бала дайындалмаған. Кездейсоқ шақырылған оқушы дайындалмаған болып шықты. Жауап беретін оқушының ер бала болуы ықтималдығы қандай?
  • Красно - зеленый мяч подбросили шесть раз, какова вероятность, что два раза из них выпадет красная сторона ? Қызыл-жасылды допты алты рет лақтырды. Олардың екеуі қызыл жағымен түсуі ықтималдығы қандай?
  • Арману дали 6 одинаковой трудности задач. Вероятность того, что он решит задачу, равна 0,75. Найдите вероятность, что Арман решит ровно три задачи. Арманға бірдей деңгейде 6 тапсырма берілді. Оның есепті шығару ықтималдығы 0,75. Арманның дәл 3 тапсырманы шешу ықтималдығы қандай?
  • Қорапта 4 қызыл және 6 жасыл қарандаш бар. Одан кездейсоқ 3 қарандаш түсіп қалды. Екеуінің қызыл болу ықтималдығы қандай?

Қосымша 2

  • Остап Бендер шахматтан 8 партия ойнайды. Ол өте нашар ойнайды, сол себепті әр партиядағы ұтыс ықтималдығы 0,01-ге тең. Остаптың екі партияны жең ықтималдығы қандай?
  • Қандай да бір мекемедегі электр тұтынысының күндік нормасының ықтималдығы 08-ден аспайды. Жетіден бес жұмыс күнінде электр энергиясының артық қолданылуы болмауының ықтималдығы қандай?
  • Бақылау жұмысы 4 тапсырмадан тұрады. Әр сұраққа бес жауаптан, және оның тек біреуі дұрыс. Кездейсоқ белгілеп үш сұраққа дұрыс жауап беруінің ықтималдығы қандай?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу