Бернулли формуласы. Кездейсоқ шаманың биномдық үлестірімі. Алгебра, 11 сынып, презентация.


Бернулли формуласы. Биномдық үлестірім.

Оқу мақсаттары

11.4.2.1 Бернулли схемасын пайдалану үшін қажетті шарттарды біледі;

11.4.2.2 Бернулли формуласын біледі;

11.4.2.3 Бернулли формуласын есептерді шешуде қолданады;

Сабақтың мақсаты:

Бернулли формуласын біледі және қолданады;

Бернулли формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийлері:

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

Бернулли схемасын пайдалану үшін қажетті шарттарды білсе;

Бернулли формуласын білсе;

Бернулли формуласын есептер шешуде қолдана алса;

Есеп шартына сәйкес биномдық үлестірімді құрастыра алса.

Бернулли формуласы

n тәуелсіз сынақтарды өткізгенде А оқиғасының дәл m рет орындалуының ықтималдығы келесі формуламен есептеледі:

мұндағы p - әрбір сынақтағы А оқиғасының

орындалу ықтималдығы, q - А оқиғасының

орындалмау ықтималдығы

q=1-p

Бірнеше тізбектес тәуелсіз сынақтарды сипаттайтын шынайы тәжірибелердің математикалық моделі Бернулли сынақтары болып табылады. Келесі төрт қасиетті қанағаттандыратын тізбектес сынақтарды Бернулли сынақтары деп атаймыз:

1. белгілі бір n сынақтан тұрады.

2. әр сынақтың нәтижесінде кездейсоқ оқиға орындаладысәтті») немесе орындалмайдысәтсіз»).

3. «сәтті» болу ықтималдығы бүкіл сынақтар барысында өзгермейді.

4. сынақтар өзара тәуелсіз.

Бернулли схемасын

пайдалану үшін қажетті шарттар

1-есеп. Ойын сүйегін он рет лақтырғанда 3 ұпайдың дәл екі рет түсу ықтималдығы қандай?

Шешуі. Үш ұпайдың бір рет лақтырғанда түсу

ықтималдығы 1/6. Сондықтан р=1/6, q=5/6.

Сонымен қатар n=10 және m=2 болғандықтан,

Бернулли формуласы бойынша:

2-есеп. Ойын сүйегін 10 рет лақтырғанда 3 ұпайдың 2 рет түсуінің ықтималдығы қандай?

Шешуі. Бір рет лақтырғанда 3 ұпадның түсуінің ықтималдығы 1/6. Сондықтан р=1/6, q=5/6.

n=10 және m=2, Бернулли формуласы бойынша:

Бернулли схемасын қанағаттандыратын тәуелсіз n сынақтарды өткізуде А оқиғасының кем дегенде бір рет орындалуының ықтималдығы

мұндағы q=1-p.

3-есеп .

Тиынды 6 рет лақтырды. Елтаңбаның :

а) 2-ден кем рет; б) кем дегенде 2 рет түсуінің ықтималдығы.

Шешуі.

4-есеп. 5 баласы бар отбасында қыз балалардың саны 3-тен артық болмауының ықтималдығын табыңыздар.

Шешуі.

Қыз баланың туылуының ықтималдығы

онда

Отбасында қыз бала жоқ, бір қыз, екі қыз, үш қыз болуының ықтималдығын табайық:

5-есеп. Өндірілген бұйымдардың ішінде 4%-ы стандартты емес болады. Сынаққа алынған 30 бұйымның екеуі стандартты емес болуының ықтималдығы қандай.

Шешуі. А оқиғасы - «стандартты емес бұйымның болуы», оның ықтималдығы p=0,04, онда q = 0,96. Осыдан Бернулли бойынша

6-есеп. Мергеннің әр оқ атқанда нысанаға тигізуінің ықтималдығы 0,9. Атылған 20 оқтың тиюі кем дегенде 16 және 19-дан аспауының ықтималдығы қандай.

Шешуі. Бернулли формуласы бойынша:

7-есеп. Атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы 0,8-ге тең. Нысанаға тигізудің ең ықтимал саны 20-ға тең болу үшін нысанаға неше рет оқ ату қажет?

Жауабы. 25 рет оқ ату қажет

Бернулли формуласының салдарлары:.

n сынақтардан оқиғаның орындалу ықтималдығы:

m-нен аз рет

Pn(0)+ Pn(1)+…+ Pn(m-1);

2) m-нен көп рет

Pn(m+1)+ Pn(m+2)+…+ Pn(n);

3) m-нен аз емес рет

Pn(m)+ Pn(m+1)+…+ Pn(n);

4) m-нен көп емес рет

Pn(0)+ Pn(1)+…+ Pn(m).

1-мысал.

Атқыш нысанаға тигізуі 0,8-ге тең ықтималдықпен 7 рет атады. Келесі ықтималдықтарды есепте: а) дәл 4 тигізу; ә) 5-тен кем емес тигізу; б) 2-ден көп емес тигізу ықтималдығын.

2-мысал.

Қарудан нысанаға әр атқандағы тию ықтималдығы 0,9-ға тең. 20 рет атқанда 16-дан кем емес 19-дан артық емес тиюінің ықтималдығын тап.

3-мысал.

Қандай да бір тұқымның өсіп шығуы 70%. Отырғызылған10 тұқымның: а) дәл 8; б) көп дегенде 8; в) кем дегенде 8 өсіп шығу ықтималдығы қандай?

4-мысал.

Теледидарда 10 шам бар. Кез келген шам үшін жыл бойында істен шықпай жұмыс істеп тұру ықтималдығы р =1/3. Келесі ықтималдықтарды есепте:

а) жыл бойында кем дегенде бір шамның істен шығуы;

б) жыл бойында дәл бір шамның істен шығуы;

в) жыл бойында екі шамның істен шығуы?

Рефлексия

- не білдім, не үйрендім?

- не түсініксіз болды?

- немен жұмыс істеуім керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу